Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыдағы театрда жалғыз адамға арналған актерсіз спекталь қойылды

25 қазан 2020, 00:15

Жалғыз адамға арналған спектакльді жаңашылдыққа ұмтылған «Өзге Еріс» Өзге Эпик театры қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекшелігі сол, қойылымда актер болмайды. Бұл аудиоспектакльді адам жалғыз отырып тыңдайды. Асанәлі Әшімовтің «Менің жаным - күнделік» кітабының желісі бойынша әзірленген жобаны актердің өзі жоғары бағалаған. Кітапта жазылған ойлар, актердің өмірдегі жеңістері мен жеңілістері, қуанышы мен қайғысы, жалпы толғаныстары өз дауысымен оқылады. Тыңдаған адам сан алуан күй кешеді. Актермен сырласып, мұңдасады. Жан дүниесіне үңіліп, өзінше ой түйеді. Қойылымда Асанәлі Әшімовтің жеке заттары, қаламсабы, фотосуреттері де бар. Жобаны ұйымдастырушылар еліміздің өзге де өңірлеріне барып, бұл қойылымды жұртқа кеңінен таныстырмақ.

Фархат Молдағалиев, «Өзге Еріс» театрының режиссері - Аудионұсқада бұл спектакльдер жалғасын табады. Өйткені бұл «Күнделік проект» деп алып жатырмыз ғой. Сондықтан бұл Асанәлі ағамыздан бастау алған дүние. Одан кейін «Анна Франке» күнделігі бойынша және тағы сондай бір күнделіктерді іздестіру үстіндеміз. Мұқағали ағамыздың күнделігі деген сияқты. Адамдарға қызық, соларды ашып көрсету бағытында жұмыс жасайтын боламыз.