Өркениет

Алматылық әнші "Украина дауысы" жобасында Тина Карольді тәнті етті

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Алматылық Сәуле Жұмабекова "Украина дауысы" ("Голос Країни-11") музыкалық жобасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Сәуле бала кезінен ән айтып, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған. Ол Тина Карольдің командасына түсіп, бірге ән айтқысы келген. Сондықтан жобаның алғашқы көрмей тыңдауына украиналық поп-диваның "Я все еще люблю" әнін таңдаған.

 

"Осы әнді таңдағаныңа рақмет. Бұл мен үшін өте ауыр ән. Ол менің өмірімдегі қиын кезеңді сыйпаттайды", - деп бөлісті Тина Кароль

 

Әртіс көзіне жас алып, Сәулемен бірге ән шырқады. Қазір бұл әнді орындамаса, кейін көңіл-күйі болмайтынын да айтты. Тина мен Сәленің дуэтінен көрермендер көзіне жас алды, әділқазы мүшесі Надежда Дорофеевте жылады.

 

 

"Мен өзімді бұл жобаға түскен өте бақытты адам деп санаймын. Тина қолымнан ұстап, қолдап ән салғанда өзімді ертегідегідей сезіндім. Сахнада өзімді ерекше бақытты сезінетінімді түсіндім! Келесі қойылымдарымда да маған қолдау көрсетсеңіз, қуанышты болар едім", - деп бөлісті жоба қатысушысы.

 

 

Сәуле музыкамен бала кезінен айналысады. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін тәмамдаған. 4 жылдан бері Диана Шарапованың вокал және музыка мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.

 

Айта кетейік, бұған дейін Надежда Дорофееваның командасына тағы бір қазақстандық Александр Лим өткен еді. Жоба сахнасында Александр Святослав Вакарчуктың "Там, де нас нема" әнін орындады. Оны Надежда Дорофеева өз командасына алды.

 

 

 




Көрілген: 3105    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 14:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30