Өркениет

Әлімбекованың адвокаты: Назарова 10 миллионды қанағат тұтпай, енді 80 мың доллар сұрап отыр

  • Әлімбекованың адвокаты: Назарова 10 миллионды қанағат тұтпай, енді 80 мың доллар сұрап отыр

    Әлімбекованың адвокаты: Назарова 10 миллионды қанағат тұтпай, енді 80 мың доллар сұрап отыр

Екі жақтың дауына нүкте қойылар түр жоқ. Әншілер қауымы ақша жинап, Гауһардың қарызын қайтармақ болғанда, сомма толық емес деп Бақыт Назарова бас тартқан болатын. Ал кейіннен ол келіскенде, ақша берушілер айнып қалған.


"Бұлардың жинаған ішінара жинаған сомасын алуға біз келісім бердік кейіннен. Олар кейін бас тартты. Үзілді-кесілді осымен ешқандай реніш жоқ деп келісуге болатын еді. Бірақ олар жинаған ақшаны да берген жоқ", - дейді жәбірленушінің адвокаты Марс Жанабаев.


"Әншілер қауымы әуелі 7 миллион ұсынды, осы соттың арасында жүргенде 10 миллион апарып берді. Ал енді қараңыз, маған 40 мың доллар беріңдер, сосын 40 мың долларға Гауһар расписка жазып берсін дейді. Сонда 80 мың доллар сұрап отыр", - дейді Гауһар Әлімбекованың адвокаты Шынқуат Байжанов.


Екі жақтың арасында болып жатқан дау сазгердің әріптестерін де әбден әбігерге салды. Бүгінде өнер иелері не істерлерін білмей, дал болып жүр.


"Сотталып та кетуі мүмкін, ақталып шығуы да мүмкін. Осы жағдай мен болатын болсам, құрысыншы бере салшы деп айтар едім де мүмкін. Бұл жерде Гауһар ешқандай ақша бермеңіз деп отыр да. Менің арым таза, мен ешқандай қарыз емеспін деп отыр. Соған қарағанда шынымен де Гауһар кінәлі емес шығар деп ойлап отырмын", - дейді "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов.


Гауһар Әлімбекова өз кінәсін мойындамастан, соттың әділ шешімін күтіп отыр. Ал оның бұрынғы құрбысы Бақыт Назарова алған бетімнен қайтпаймын деп отыр.


"Маған келген залал қайтарылмайынша, мен бұл істі жай қалдырмайтын. Керек болса Жоғарғы сотқа, бас прокуратурға шағымданамын. Алған бағытымнан қайтпаймын!" - деді Бақыт Назарова сотта.

Сот отырысы 10 сәуірге қалдырылды.


 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31