Өркениет

Альмира Тұрсын өзін біреудің жанұясын бұзды дегендерге жауап берді

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Халықтың ыстық ықыласына бөленген "Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын алғаш рет өзінің жеке өмірі туралы ашық сұқбат берді. Тимур Балымбетовтің "Ашығын айтқанда" бағдарламасына қонақ болған актриса өзгенің отбасын бұзды деген айыптауларға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

"Томирис" фильмі жарық көргеннен соң отандық БАҚ-та актрисаның жеке өміріне қатысты түрлі ақпарат тарап, оған отбасылы жанмен көңіл жарастырды деген айыптаулар тағылған еді.

 

Актриса бұл қауесеттерге жауап беріп, мәселеленің мән-жайын түсіндірді.

 

"Сол кезде "Томирис" фильмі резонанс тудырып жатқан еді. Артынша "Боксер" фильмінің сценарийін жазу тобына шақырылдым. Біздің ажырасуымыз бұған дейін болған жайт. Оның өзі ұзаққа созылды. Алматыға көшіп келдім. Мен Алматыда туып-өскен жанмын. Бірақ жолдасымның жұмысына байланысты бес жыл Астанада тұрдық. Екеуіміз екі жаққа кеткен соң, әлбетте, мен өзімнің туған қалама көшіп келдім. Ата-анам осында, маған осында тұрған, жұмыс істеген ыңғайлы.

Әрине, бұл ретте, логикалық тұрғыдан қарасақ, жаңағы қауесеттердің жаны бар сияқты болып көрінеді. Бірақ, мен бұл ақпаратты таратқан журналистердің кәсібилігіне күмәнмен қараймын. Бір деректі екіншісіне келтіріп, өздігінен болжам жасау, қорытынды шығару, соны жаңалық деп шығаруға болмайды. Себебі, халық мұны шын деп ойлайды. Егер біз сұқбат беріп, ақпаратты растасақ, қандай да бір дәлелдер болып жатса, зерттеу болса, оны жаңалық деуге болады. Бірақ журналистер өз көргенін, түйгенін жаңалық етіп шығарады, ал адамдар сенеді. Сол кезде өмірімде онсыз да қиын жайттар болып жатқан еді. Оған бұл ақпарат қосылды. Бұл менің жеке өмірім үшін ауыр соққы болды. Себебі, ажырасу процесі күрделі өтіп жатқан еді", - дейді ол.

 

Альмира Тұрсын отбасылы ер адаммен көңіл жарастыруға үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді.

 

"Әр адамның өз таңдауы бар ғой. Дегенмен, махаббат немесе бақыт үшін күресу дұрыс емес деп ойлаймын. Егер ол үшін күресу қажет болса, ол махаббат емес", - деді актриса.

 

 

 

 




Көрілген: 1988    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 18:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30