Алтынай Жолдыбаева: 6 жас кіші жігітпен қатынаста болдым

16 қаңтар 2022, 18:57

Әнші Алтынай Жолдыбаева бас тартуға мәжбүр болған сезімдер жайлы айтып, үйленген жігіттермен кездесу туралы көзқарасын айтты kznews.kz.

 

Сонымен қатар, әнші өзінің бір көргеннен ғашық болған махаббаты туралы айтып берді. Алтынай Instagram желісінде жазылушылармен ашық сөйлесті. Оның парақшасына кірушілердің бірі әншінің өмірінде “жігіт екеуі бір-бірін жақсы көріп, бірақ бірге бола алмаған жағдай болды ма?” деп сұрады.

 

«Сүю және саналы түрде бірге болмау — иә, болды. Саналы түрде кеттік. Сүйсең де, жіберу керек. Әр жолы солай», — деп жұмбақ жауап берді отандық шоу-бизнес өкілі.

 

Әлеуметтік желі қолданушылары “отбасылы ерлерге қызығушылық танытасыз ба?” деп те сұраған.