Өркениет

Алтынбек Қоразбаев: «Келешек Президент қазақ елі үшін аянбай еңбек етеді деп сенемін»

  • Алтынбек Қоразбаев: «Келешек Президент қазақ елі үшін аянбай еңбек етеді деп сенемін»

    Алтынбек Қоразбаев: «Келешек Президент қазақ елі үшін аянбай еңбек етеді деп сенемін»

 «Келешек Президент қазақ елі үшін аянбай еңбек етеді деп сенемін». Жұбайымен бірге дауыс беруге келген композитор Алтынбек Қоразбаев осылай деді. Қазақстанның халық әртісі өз таңдауын №211 сайлау учаскесінде жасады. Бұған дейінгі сайлауларға да белсенді қатысып жүрген халық әртісі, бұл жолғы саяси науқанда да қазақстандықтар дұрыс таңдау жасайды дегенге сенеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.


«Өзімнің елім үшін, халқым үшін еліміздің патриоты есебінде жұбайыммен келіп, өз дауысымды бердім. Мен алда болатын Президентіміз Қазақстанды өркендетеді деп сенемін. Мінекей 50 елдің қатарына кірдік, алда 30 өркендеген елдің қатарына жетеміз деп сенеміз», - деді Қазақстанның халық әртісі, композитор Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ.


Саяси додаға өз үлесін қосып, дауыс беру мақсатымен шетелден арнайы ұшып келген жастар төбе көрсетті. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бірі, талантты жас композитор, пианист Рахат-Би Төлеген алғаш рет дауыс берді. Ол өз таңдауын №54 сайлау учаскесінде жасады.


«Бұл менің тұңғыш рет дауыс беруім. Осы тарихи кезеңде өз еліммен бірге болу үшін арнайы Италиядан келдім және өз таңдауымды жасадым», - деді жас композитор, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Рахат-Би ӘБДІСАҒЫН.


Аlmaty.tv




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.06.2019, 16:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31