Өркениет

Әміре Қашаубаев атындағы байқаудың бас жүлдесін павлодарлық әнші иеленді

  • Сурет : pavlodarnews.kz

    Сурет : pavlodarnews.kz

"Құлақтан кіріп, бойды алар..." атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Слямғали Дәуренбек өнер көрсетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шара Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған.

 

"ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 1 мен 5 қыркүйек күндері аралығына онлайн форматта өткен байқауда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, ОҚО, ШҚО және СҚО өңірлерінің әншілері бақ сынады. Осы додада жас әншіміз Слямғали Дәуренбек көпшілікті өз өнерімен тәнті етіп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол ҚР Мәдениет саласының үздігі Аменгелді Қожановтан білім алған", - дейді облыстық филармонияның бас редакторы Сәуле Мұқаева.

 

Слямғали Дәуренбек 1996 жылы Павлодар облысы Тереңкөл ауданының Қызылтаң ауылында дүниеге келген. 2012-2016 жылы дарынды балаларға арналған музыкалық колледж, музыкалық мектеп-интернатында дәстүрлі ән орындау мамандығы бойынша оқыды.

 

2014 жылы облыстық дәстүрлі ән орындаушылары арасында өткен байқаудың бас жүлдегері.

 

2014 жылы Қарағанды облысында дәстүрлі әншілер байқауында өткен І халықаралық "Тұлға" байқауында гран-при иегері.

 

2016-2020 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында "Дәстүрлі музыка өнері" мамандығы бойынша ұстазы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шүкіманов Еркін Тұрсынғалиұлынан білім алған.

 

2017 жылы Тұрсынғазы Рахимов атындағы республикалық конкурстың және 2019 жылы Мәди Бәпиұлы атындағы республикалық конкурстың лауреаты.

 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 15:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30