Өркениет

"Анамның жүрегі кенеттен тоқтап қалды": Зарина Алтынбаева анасынан айырылып қалғаны туралы айтты

  • "Анамның жүрегі кенеттен тоқтап қалды": Зарина Алтынбаева анасынан айырылып қалғаны туралы айтты

Белгілі отандық әнші Зарина Алтынбаева эстарададан операға қалай келгендігі туралы отандық "Оңай емес" тележобасында айтып берді. Өнерпаз осыдан екі жыл бұрын қолдаушысы, тірегі анасынан айырылып қалғандығы туралы да әңгімелеп берді.
"Ауқатты отбасынан шықтым. 10 жаста болғанда әке-шешем ажырасып кетті, одан кейін анам бізді өзі жалғыз тәрбиеледі", - дейді Зарина балалық шағы туралы.

Әнші операға келуіне анасы себепші болғанын айтады. Анасы кеткелі өмірі түбегейлі өзгерген.

"Қолдаушың бар кезде өмірдің ағысымен жүре бересің, анам кеткелі бұлай енді өмір сүре алмайтынымды түсіндім. Жауапкершілік алу керек болды. Отбасы тізгінін қолға алу қажет болды. Анам өмірді өте қатты жақсы көретін, өте мықты болатын. Өмір керемет деп айтатын үнемі. Бізді бағыттап отыратын жол нұсқаушымыз еді. Анамнан көрген махаббатты басқа еш жерден көрмедім. Бізді, немересін жақсы көргенін сөзбен айтып жеткізу емес. Әрине, ол бізге қатты жетіспейді, қатты сағынамыз. Анамның жүрегі кенеттен тоқтап қалды, үйдегілер қоштасып үлгермеді. Анам жүріп кеткесін үйге әкелдік, баламды кіргізейін бе, жоқ па деп ұзақ ойландым. Бірақ кіргізуге бел будым, әжесімен қоштассын дедім", - деп опера әншісі өміріндегі ең ауыр күндер туралы сыр шертті.

Анаңыз жақсылықтарыңызды көре алды ма деген сауалға ол: "2017 жылы Димашпен Универсиаданың ашылуына қатыстық, анам соның куәсі болды. Анам қазір де қасымызда, біздің жетістіктерімізге куә болып тұрғанына сенемін", - деп жауап берді.

34 жастағы әнші - Алматы тумасы. Ол қазір Томирис атты қыз тәрбиелеп отыр. Әнші болашағын тек Қазақстанмен байланыстыратынын айтты. Шәкірт тәрбиелеу де алдағы жоспарында бар екен.  




Көрілген: 1115    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.11.2019, 17:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31