Өркениет

Анасын ренжітіп алған Бақаева ел алдында одан кешірім сұрады

  • Instagram/saltanat_bakayeva

    Instagram/saltanat_bakayeva

"Арнау" тобының әншісі әрі актриса Салтанат Бақаева анасына қатты сөйлеп қойып, оны ойламаған жерден ренжітіп алды. Алайда, шоу-бизнес өкілі өз қатесін бірден түсініп, әлеуметтік желіде елдің көзінше анасынан кешірім сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Салтанат Бақаева анасымен арада болған түсініспеушілік жайында Instagram парақшасында айтып берді.

 

Өнер иесі анасын ренжітіп алғанына қатты өкінетінін жеткізіп, көпшілікті жақындарына барынша мейіріммен қарауға шақырды. Әнші ару жазбасынан бөлек, анасына қоңырау шалып, одан кешірім сұраған.

 

"Мама кешірші мені. Мен еркелетіп Анамды Света деп атаймын кейде. Неге екенін білмеймін бірақ кейде біздер бөтен адамдардың алдында өзімізді жақсы жағымыздан көрсеткіміз келеді ал ата-аналарымызды немесе әпке бауыр сіңілдерімізге мінез көрсетуден аянбаймыз. Неге? Мен бүгін мысалы болмайтын нәрсе үшін анама қатты сөйлеп қойған сияқтымын. Сол үшін өзімді жайсыз сезініп,дереу анама хабарласып кешірім сұрадым. Мен сияқты сізде жақыныңызды ренжітіп қойсаңыз міндетті түрде кешірім сұраңыз. Кештеріңіз қайырлы болсын" , - деп жазды Салтанат Бақаева.

 

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл игі әрекетіне тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

 

Олардың айтуынша, өз қатесін ел алдында мойындай білу - үлкен ерлік.

 

"Жарайсың, әркім мұндай сырымен бөлісе алмайтын еді" , "Сондай қарапайымсыз ғой. Тіпті анаңызды ренжіткеніңізді жасырып қалмадыңыз. Көпшілікпен бөлісіп, өз сырыңызды айттыңыз" , "Шынымен, неге басқаларға жақсы көруге тырысамыз да, туғандарымызды көп ренжітіп алып жатамыз" , - деп жазды оқырмандар.

 

 




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31