Өркениет

Әнші, актриса Жарқынай Ханайым Өзбекстан шекарасында ұсталды

  • https://lmusic.kz/

    https://lmusic.kz/

Отандық танымал актриса әрі әнші Жарқынай Ханайым Өзбекстанға жұмыс бабымен барамын деп, шекарада ыңғайсыз жағдайға тап болды. Өнер иесін косметикасы үшін өткізбей қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жарқынай Ханайым шекарада орын алған жағдайды өзінің Instagram парақшасында баяндады. Ашуға булыққан әнші өзін кінәсіз ұстап отырғанын жеткізді.

 

"Қанша кісілер шөппен ұсталып жатыр көз алдымызда. Бізден бір косметика тауып алған еді, соған жібермей тұр. Енді таңға дейін күтесіңдер, дейді. Біздің қарнымыз аш. Ешқайда шығармай жатыр. Таможняға тамақ алып келетіндер бар ма?", - деп жағдайды түсіндірді Жарқынай.

 

Белгілі болғандай, өнер иесі өзге елге жұмыс бабымен барған. Ақырында ол сапарластарымен бірге кедендік шекарада таңға дейін отырған.

 

"Қазақ-қазақ деп өзімізді түсіргеннен басқа ештеңе білмейміз. Кеше ғана қазақтың, қазақтан басқа ешкімі жоқ екеніне дәлел жағдай болды. Қазақстан шекарасындағы әскери жігіт жан-тәнімен бізге көмектесіп, заң жөнінде де көзімізді ашып, тамағымызға дейін алып кеп берді. Намыстанып, жынданып отыр бізді ұстап отырғандарға.  Шет жақта қазақтар жұмыла, ұйымшыл бола қалады. Ал өз елімізде бір-бірімізден жаманы жоқ. Ойланайық. Таңғы 10.24. Өзбекстан шекарасында күнәсіз ұсталып отырған Жарқынайдың дәл қазіргі ойлары", - деп жазды әртіс.

 

Соңында Жапқынай Ханайым шекараны ақыр-соңы өткенін хабарлады.

 

 

 




Көрілген: 1917    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 18:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30