Өркениет

Әнші Дастан Оразбеков: "Орда" тобының жігіттері "Бауыржан шоуда" бір-бірімізді таптық

  • Әнші Дастан Оразбеков:

    Әнші Дастан Оразбеков: "Орда" тобының жігіттері "Бауыржан шоуда" бір-бірімізді таптық

Өнер саласында 20 жылдан астам еңбегі бар атақты әнші, өзінің әлі күнге дейін музыкалық білімі жоқ екендігін жеткізді. Өнерге алғаш қадам жасауға ағасы көмектескенімен, танымалдылыққа жеткізген "Бауыржан шоу" театры екенін "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.

"Біз "Орда" тобының жігіттері "Бауыржан шоуда" бір-бірімізді таптық. Ең алғаш үлкен сахнаға шығарған осы театр еді. Ол үшін Бауыржан ағамызға алғысым шексіз.  Уақыт өте біз шоудан кетіп, жеке топ болып өнер көрсеткіміз келді. Бірақ жігіттердің ешқайсысы Бауыржан ағамызға барып, біз кетеміз деп айта алмады. Дәтіміз бармады. Содан мен бұл жауапкершілікті өз мойныма алып, хабарластым. Сол кезде   Бауыржан Ибрагимов бізді боқтап тұрып мақтады. Ашуланды, айғайлады. Оның барлығы да орынды еді. Содан бір күні біз жігіттермен Қыдырәлі Болманов ағамызға бардық, бізді продюсерлік қарамағыңызға алыңыз деп қолқа салдық. Бірақ ол кісінің Бауыржан ағамызға деген құрметі жоғары еді. "Алдымен сол кісінің рұқсатын алмасаңдер мені мазаламаңдар",- деді. Содан, біздің ең алғашқы продюсеріміз Алуа Қонарова болды. Жеке топ ретіндегі жолымыз осылай басталды", - деді әнші Дастан Оразбеков. Өзін жолы болғыш жігіт санағанымен өнер жолындағы сәтсіздіктерінің көп болғанын да жасырмады.

 
Айтуынша, ол дипломның жоқтығынан біраз марапаттардан қағылыпты. 

"2009 жылы "Орданың" продюсерлері Маду және Зарина Алтынбаева топтан Дастан кетсін деп ұсыныс білдірді. Арамызда түсінсіпеушілік болып Рүстем және Жанболат ағаларымыз да  кетіп қалды. Дипломның жоқтығынан бір де бір марапатқа ие бола алмадым. 20 жыл осы салада тер төгіп келе жатсам да диплом мен білімнің жоқтығынан осылай марапатсызбын", - деп әнші ағынан жарылды.

Бұған дейін әнші алғашқы махаббаты жайлы айтқан болатын.

stan.kz




Көрілген: 1228    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 14:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31