Өркениет

Әншілер қаржы пирамидасын жарнамаласа да, неге жазаланбайды?

  • Әншілер қаржы пирамидасын жарнамаласа да, неге жазаланбайды?

    Әншілер қаржы пирамидасын жарнамаласа да, неге жазаланбайды?

Мұның себебін Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов түсіндірді.
«Шынында да, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өз қызметін жарнамалау үшін атақты адамдарды тартқан. Формальды түрде олардың əрекеттерінде Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 150-бабын (қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жарнамалау) бұзғаны байқалады. Алайда қылмыстық іс бойынша үкім шыққанға дейін ұйымның қаржы пирамидасы болып табылатынын немесе табылмайтынын анықтау мүмкін емес. Жарнамалау кезінде жоғарыда аталған ұйымдар қаржы пирамидалары болып танылмаған. Сондықтан Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 150-бабы бойынша медиалық тұлғаларды əкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құқықтық негіз жоқ», – деді Ғизат Нұрдәулетов.

Сонымен қатар Алматы қаласында алаяққа алданғандардың арыз-шағымы бойынша атқарылып жатқан іс туралы да айтты.

«Биыл сəуір-мамыр айында Алматы қаласының Полиция департаментіне қаржы пирамидасын құру жəне басқару («Astex.kz» ЖШС, «ACD technology» ЖШС жəне «Мудараба» ЖШС) фактісі бойынша К. есімді азаматқа қатысты арыз түскен. Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жоғарыда аталған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», – деді ол.

aikyn.kz




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.07.2021, 20:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30