Өркениет

Ән­­­ші­­лік басты мақсатым емес - Айгүл Иманбаева

  • https://gakku.kz/

    https://gakku.kz/

Бірақ ән­­­ші­­лік басты мақсатым емес. Айгүл бар­да өнерім де, әнім де же­­р­­­де қал­майтынына сенемін.

 

– Карантин жағдайында жұ­рт ер­т­ең не боларын білмей қа­лғаны рас. Оның бәрі сізге қан­ша­­лықты ау­ыр тиді? Жалпы, бұдан қан­дай ой түйдік?

 

– Карантинге еш дайын­дық­сыз кіріп кетіп, төрт қабырғаға қа­малғанымыз рас. Мұның бә­рі біз үшін күтпеген жағдай бол­ды. Оның да пайдасы бар екен: жеті кітап оқыдым, көргім келген фильмдерімді көрдім. Алматыда анам мен ұлымның қасында болдым. Балама «осылай қасыңда ұзақ уақыт болғаным соңғы рет 5-6 жасыңда шығар. Одан кейін мені көріп тұрғаның осы болды-ау» десем, ұлым «иә, мама» деп күледі. Оған қоса, екі ай бойы күнде вокалдан сабақ алып, кәсібилігімді шыңдадым. Вокалдан сабақ беретін мұғалім Лиза апай екеуміз көрші тұрамыз. Әу бастан ағылшын тілін онлайн оқып жүр едім, қазір соның екінші деңгейіне өттім.

 

– Шығармашылық ұжымдары то­­қ­­­­­­т­­­ап қалды, театрлар уақытша жұ­­мыс істеген жоқ. «А.И.» те­атрының жоспарында не бар еді?

 

– Биыл «А.И.» театрының құ­­рыл­ғанына 10 жыл болды. Те­атр­ды күзде Шыңғыс Айт­ма­тов­тың «Жан пида» шығар­ма­сы­мен ашқан едік. Режиссері – Ди­на Жұмабаева. Он жылды­ғы­мыздың маусымын Нұр-Сұл­­тан қаласында, Астана кү­­­­н­і­­­не орайластырып атап өт­­­­кіз­­­­­гі­м­­із келген. Төтенше жағ­­дай жос­парымызды кейінге ыс­ыр­ып тастады. Театрдың жұм­ысы тоқ­тап қалды. Әрі жеке конц­ертімді бергеніме де 6 жыл өтіп ке­т­­­і­п­­ті. Жоспарлағанымды қай­тейін, ол да сырт қалды. Бірақ ән­­­ші­­лік басты мақсатым емес. Айгүл бар­да өнерім де, әнім де же­­р­­­де қал­майтынына сенемін.

 

Бәрінен бұрын карантиннің ти­гізген тағы бір қиындығы – Нұр-Сұлтандағы Қазақ ұлттық университетінде музыкалық театр әртісі мамандығы бойынша шәкірт қабылдаймын. Осыдан төрт жыл бұрын қабылдаған шәкірттерім биыл университет бітіріп жатыр. Олардың қазір онлайн жүйеге түсіп қалғанына жүрегім сыздап отыр. «Өнердің кө­шіне қосамын» деп, кәсіби тұ­рғыда мәпелеп отырған ба­ла­пандарым ғой. Олар дипломын аларда ағайын-туысы мен дос­тарына төрт жыл бойы оқып-то­қығанын, өнерін сахнада көрсете ал­майтыны қынжылтады.

 

Оған қоса, биыл абитур­иент­терді де онлайн қабыл­даймыз. Оның бәрі бізге қиынға соғып жа­­тыр. Біріншіден, оған дайын емес екенбіз. Екіншіден, бұл – жүйе әлі толығымен енгіз­ілген жоқ. Әсіресе, өнер саласын­да бұл – қисынға келмейтін дү­­­­­­­­н­­ие. Ба­­ланың талантын, ой-өресін се­­зінбей жатып, оны онлайн қа­был­дау – мүмкін емес нәрсе. Алай­да «Басқа түссе, баспақ­шыл» де­гендей, оның да бір қа­йы­­ры бар шы­ғар.

 

 

Той өмірімнің ең басты әрі маңызды бөлшегі болған емес

 

– Соңғы кезде әншілер төң­і­ре­гінде дау-дамай көбейіп кетті. Бұ­дан қандай сабақ алдыңыз?

 

– Ел арасында дүрбелеңге ай­­на­­л­­­ған нәрсе Ернар Айдар ін­імізден басталды. Өнер адам­­дары – эмоцияға жақын халық. Оларға да адаспау үшін де адасу керек болған шығар. Ол үшін ешкім ату жазасына кеспейді ғой. Бір өкініштісі, осындай дау-дамай кезінде топырақ бәрімізге бірдей шашылып кететіні. Таяқтың бір ұшы маған тигенде ішім удай ашыды. Дәл сол сияқты оқып-тоқыған әріптестеріме де бұл мәселе қатты батты. Әрине, мұның бәрі өнер адамдарына са­бақ болғаны рас. Карантиннен түйген тағы бір дүние – бізге көркемдік кеңес қажет. Ол барды бар, жоқты жоқ деп елейтін елеуіш болмақ. Мәселен, Өз­бек­станда ән айту үшін үкіметтен қағаз алу керек. Сол себепті өнер адамдарын «төменгі, ортаңғы және жоғарғы» деңгей деп ста­тусқа бөлген дұрыс. Бұл – өнер­ден біржола кетсін деген сөз емес, даму керек деген сөз. Өскісі келсе, оқып-жетілсін. Концерт ұйымдастырушылар да, той иелері де бәрін жанды дауыста өткізетіндей ыңғайлап, соған қарай әншілерді хабардар етіп, талап қоюы керек. Сонда «бұлар фонограммасыз әнші емес» деген сөз айтылмайды. Екіншіден, әнші әрқашан формада жүреді. «Халық айтса, қалып атпайды», оның да жанды жері бар. Осының аражігін ажыратқан жөн.

 

– Әншілерді асырап отырған той-томалақ екені жасырын ем­ес. Карантинде тойға шектеу қой­ғанына үш ай болды. Қосымша таб­­ыс тоқтады. Сіз де тойға бай­лан­­дыңыз ба?

 

– Той өмірімнің ең басты әрі маңызды бөлшегі емес. Иә, өтірік айтпай-ақ қояйын, осы­дан 10-15 жыл бұрын тойға қы­­зық­қаным рас. Күндіз-түні той-томалақта жүрген кездер де бастан өтті. Тіпті, жеке театрым­­­­ды көркейту үшін де той-томалақтан тапқан табысымды салдым. Соңғы кездері байқаудан байқау, гастрольден гастроль деп жүріп, қарбалас болып кетті. Ондай кездерде тойға шақырған адамдар болса, «ренжімеңіз, бара алмаймын» деп бас тартамын. Ел­­ор­­даға көшіп келгеніме бес жылдай уақыт болыпты. Ун­и­­­в­­­­­ер­­­ситеттен курс алып, сту­диямды ашып, әкімшіліктің жо­­ба­­­лары­мен жұмыс істеп, мемлекеттік тапсырыстарға бет бұрып кет­тім. Әйтпесе, жасыратыны жоқ, тойдан тәп-тәуір табыс таба­ты­нымыз рас.

 

 

«Ең бір жұқа құмырадан күйрекпін»

 

– Жекеменшік театр, мектеп, пе­дагогика, әншілік – бәрі бір әйел­дің иығына түсіп тұр. Мұның бә­рін қалай көтеріп келдіңіз?

 

– ҚазАқпараттың Insta­gram парақшасында менің нумер­ологиямды шығарып қойыпты. Онда «өз-өзіне жеткілікті, толық­қан­ды әрі мықты тұлға. Бір ба­сына жетерлік өктемдігі де, қыз­ба­л­­ығы да бар. Бірақ қайтымы да тез. Барлығын өзі басқарып, өзі игеретін әйел», – дейді. Сол сөз­дің жаны бар шығар… Менің та­биғатым – осы. Жаратылыстан жа­нымыз нәзік болғанымен, өмір­дің өзі шыңдаған болар.

 

– Әлсіздік танытқан кезде сізге не күш береді?

 

– Күләш Ахметованың бір өлеңі бар.

 

– Мазалайды сана­ны бір сан­­­­сыз мұң.
Бә­­л­­­­кім, мұңсыз өткен күн де – мәнсіз күн.
Мы­­қ­­ты­­­­сың деп таңданады біреу­­­лер,
Мықты емеспін.
Әйелмін ғой. Әлсізбін.

 

Біреулерді мықтылыққа үй­­­­р­е­­­т­­­­­­­т­­ім,
Өзім бірақ күш таныттым сирек тым.
Бәйшешектің қауызындай жұқамын,
Ең бір жұқа құмырадан күйрек­пін, –

 

дегендей, «мықтымыз-мықты­мыз» деп жұмыстың бабымен жүр­геннен кейін мықты болмауға амал қалмайды. Ал бірақ өз-өзің­мен қалғанда бәрібір әлсіз еке­ніңді білесің. Осыдан 10-15 жыл бұрын бұл сұраққа «қасымдағы құрбыма не анама көз жасымды төгіп, айтып алғанды жақсы кө­­­ремін» деп жауап берер едім. Бү­гінде қиналған-қинал­ма­ға­ным­ды, жағдайымның жақсы-жа­манын, қиындықты еңсеріп-еңсермегенімді ешкім білмейді. Се­бебі қазір ешкімге ешнәрсе жайында тіс жармаймын. Өзім дос деген нәрсеге қатты тал­ғам­паздықпен қараймын. Са­наулы-ақ досым бар, соларға ішім­дегі нәрсені айтуым мүмкін. Бірақ «шаршадым, қиналдым» деп жалпы адамзат баласына айтпаймын. Ондай кезде үнсіз тауға, судың жағасына кетемін. Не болмаса, өзіммен-өзім кітапқа кі­ремін. Жиырма жылда біраз психологияны оқыдық, соның арқасында ішкі эмоциямды, энер­гиямды реттей аламын. Шар­шасам да, таусылсам да, күшті қайтадан өзімнен тауып алатын техниканы меңгердім. Елмен тек шарықтағанымды, қуанғанымды бөлісемін.

 

 

Қатеңді түсініп, кешірім сұрау – кісілік

 

– Өмірде жеңілген күндеріңіз көп пе, әлде жеңістеріңіз бе? Жал­пы, істеймін деген нәрсенің бәріне қол жеткізе алдыңыз ба?

 

– Жеңілістің ауқымы кең, оны қай жағынан алып қарағанға байланысты шығар. Қатеңді тү­сініп, оны мойындап, кешірім сұрау – кісілік. Ал өнердегі жеңіліс дегенде ойыма бір оқиға оралады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырысымен арыстарымызға арналған «Бабаларым, рақмет сен­дерге!» деген концерт-спек­такльді «Қазақстан» концерт за­лында өкізетін болдық. Кешкі 6-да басталатын концертке негізі бір күн бұрын кіріп, техниканың бәрін құрастыру керек. Ал LED-тің әр пикселін жинаудың өзіне қаншама уақыт кетеді?! Таңға дейін жасалатын дүниеге басшылық «Жұмыс уақыты бітті. Кешкі 6-да залды босатыңыздар» деп, рұқсат бермей қойды.

 

Өнер – менің өмірім. Сол жерде титтей болса да із қалдырғым келеді. Егер соң­ымыздан ерген ұрпаққа ештеңе қал­­дыр­масақ, олар бізге «не бі­тірдіңдер» деп кінә артпай ма? Әу баста бізге тура жолды нұсқаған Нұрмахан Жантөрин, Әнуар Молдабеков, Фарида Шарипова және тағы басқа театр саң­­өлақ­­тары емес пе еді?! Ертең орта буын мықты болмаса, жас қайда барады, кімге қарайды деген ой туады.

 

Ертеңінде таңғы 9-да келіп, кешке дейін жанталасқаныммен, техникалық қызметкерлер кон­церт­тің басталуына 10-15 ми­нут қалғанда «үлгермейтінін» жет­кізді. Сол сәтте аяқ-қолым дір-дір етіп, бір орнымда тұрып қалдым. Барлық құрылғы тұрғызылып үлгергенімен, жарық қосылған жоқ. Зал лық толы. Телевидение түсіруге дайын тұр. Бірақ сахнада жарық жоқ. Сахнадағы үлкен LED экран қап-қара болып тұр. Негізі, концерттің 50 пайызы ак­тер мен әртістердің ойыны болса, қал­ған елуі экранға салынған ойда еді. Содан бүкіл актерлерді жинап, «күштің барлығы тек біз­ге түседі. Арттағы сахнада еш­теңе жоқ, өздеріңіз алып шы­ғасыздар» дедім. Концерт бас­талды, жарықты барынша бе­руге тырыстық. Алайда сах­на­дағы экран қап-қара болып тұр­ды. Соған қарамастан ке­ші­міз жақсы өтті. Өмірімде еш­нәрсеге мойымайтын едім, сол кезде сынып кеттім. Қатты уа­йы­­м­­­да­­ғаным соншалық, тілге кел­местен, он күндей орнымнан тұр­май, бүк түсіп жатып қалдым. Мі­не, жеңілген кезім сол шығар деп ойлаймын.

 

 

Кедергінің бәрі адамды шыңдай түседі

 

– «А.И.» театры ауқымды жо­баға жиі баратын секілді. «Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды» қою үлкен театрдың өзіне қиын. Тіпті, Айтматовтың шығармаларына бару да оңай емес. Жекеменшік театрдың мұндай күрделі жобаға баруының сыры неде?

 

– «Өнерде жүрген адамдарда бі­­л­­ім жоқ» деген стереотип қалыптасып кеткен. Білімсіз ада­м­­ның бәрі өнерде жүруі керек секілді көрінеді. Бірақ бұл пікі­рмен келіспес едім. Өнерге келген адамның бәрі қара жаяу емес. Қазақша айтқанда, бәрінің де арқасы бар. Алайда әркімнің өресі әртүрлі. Халық алдында бізді бөлетін де, көрсететін де – артистің білім-білігі. Артистер те­атрға келген көрерменге ақыл айтпайды, ой салады. Бар бол­ғаны – қоғамдағы өзекті мә­селені, ойды қозғайды. Артист сая­сатқа араласпайды, тек өнері­мен сахнада үн қатады. Сол себеп­ті адамның өресін өсіретін қо­мақты шығарма қойылады. Мә­селен, Шыңғыс Айтматов, Ға­бит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов шы­ғармаларына екінің бірі бара бермейді.

Шынын айтқанда, «Жан пи­да» үшін біз де жан пида болдық. Дай­ы­ндық барысында жантақ та кірді, аяқ та сынды, қол да сы­рылды, бет те жырылды. Шы­ғарманың энергетикасының өзі өте ауыр болды. Біріншіден, біз дайындық жасайтын орын таппадық. Жастар театрымен әкімдік арқылы келісіп едік, оның өзі күндіз бос емес. Кешкі 6-да кіріп, таңғы 6-да шығып жүрдік. Сағат 9-ға дейін ұйықтап алып, университетке келеміз. Сабақта студенттер де, мен де ұйқылы-ояу, мең-зең болып отырамыз. Оған қоса, актерлердің басым көпшілігі – өз шәкірттерім. Дип­ломдық жұмысы тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, «сөліміз» шықты. Мұндай жобалар үшін міндетті түрде ізденесің, ол бір шығармамен шектелмейді. Өзім «Жан пидада» қасқырдың рөлін ойнаймын. Оны сезіну үшін қасқырдың табиғатын зерт­теп, оған қатысты барлық дү­ниені ақтардым. Түсінгенім, адамға қарағанда қасқырдың рухы мықты ма деп ойлаймын. Олар табиғатқа қарсы келмейді. Сонымен үйлесімде өмір сүреді. Соңғы деміне дейін кез келген тосқауылға қасқайып қарсы тұрады.

 

– Ал осыншама жанкештілік не үшін керек?

 

– Өмірге келген соң адамның оры­н­дайтын бір миссиясы бо­лады. Ішіп-жеп, жылтырап киініп, эфирден атым шығып жатса, сонымен жүре беремін бе? Шынын айтсам, олай «өлгім» келмейді. Өнер – менің өмірім. Сол жерде титтей болса да із қалдырғым келеді. Егер соң­ы­мыздан ерген ұрпаққа ештеңе қал­­дыр­масақ, олар бізге «не бі­тірдіңдер» деп кінә артпай ма? Әу баста бізге тура жолды нұсқаған Нұрмахан Жантөрин, Әнуар Молдабеков, Фарида Шарипова және тағы басқа театр саң­­лақ­­тары емес пе еді?! Ертең орта буын мықты болмаса, жас қайда барады, кімге қарайды деген ой туады. Бесіктен бейітке дейінгі жолды стратегиялық тұрғыдан қарау керек. Мысалы, жаназаға келгенде де, «жақсы адам еді, қоғамға, ұлтқа осындай дүние жасап еді» демеуші ме еді. Мен де өнерім арқылы үн қатып, революция жасағым келеді. Әрине, мұның бәрі Құдай берген талантым мен еңбегімнің арқасында жүзеге асып жатыр, Аллаға шүкір! Әйтпесе, Алма­тыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірім театрында әлі де жұмыс істеймін. Үкіметтің берген жалақысын алып, «сен тимесең, мен тиме» деп, рөліңді ойнап, жүре беруге болады. Ондай актриса ретінде өзімді көргім келмейді. Сол себептен де жекеменшік театр аштым. Өнердегі әр тиынымды еңбекпен тер төге отырып тапқанды дұрыс санадым. Өкінішке қарай, Қа­зақстанда жекеменшік театр өте аз. Онда бар-жоғы 15 актер бо­лады, олар спектакльдің бас-ая­ғына дейін жүреді. Оған көп адам бара беруге де жүрексінеді. Ойы да, жүрегі де жұмыста болған адам­ның бос уақыты да болмайды.

 

 

Жекеменшік театрды ұстап тұру қиын

 

– Жалпы жекеменшік театрда труппаны ұстап тұру үшін де қаржы керек емес пе?

 

– Бағана айтып кеткендей, актерлерімнің басым көпшілігі – шә­кір­­­ттерім. Оның ішінде ән­­ші де, актер де, биші де бар. Осы жағынан жолым болды. Гас­­т­­роль болмағанда, спектакль ойналмағанда актерлер өзі­нің басқа жұмыстарымен айнал­ысады. Олар бұл жерде байланып отырған жоқ. Бірақ жұмыс бас­таларда «мына айда жұмыс қы­зу болады» деп алдын ала бір ай бұрын ескерту жасаймын. Соғ­­­ан қарай олар да жұмысын ыңғай­лайды. Жұмыс істеген күндерде мемлекеттік театрдың бір айдағы айлығын бір күнде алып кетеді. 12 айдың 8 айын гастрольде өткіземіз.

 

– Халықаралық театр фести­валь­­­­­­­­­дарына қатысуға ұсыныс қалай түседі?

 

– Негізі, «А.И.» театрының ір­­ге­­тасын қалаған, өнердегі әкем – белгілі режиссер, халықаралық Шыңғыс Айтматов сыйлығының иегері Қуандық Қасымов. Сол кісінің демеуімен ашылған театр. Сол кезде Қуандық ағам фестивальға баратын барлық мүмкіндікті қарап, тауып, олар­мен келіссөз жүргізіп, құжат тап­сыратын. Кейін ол кісі жұ­мыс бабымен Шымкентке кет­кеннен бері бұл мәселені әдебиет бөліміндегі Әсем Чапай деген қызымыз реттеп отырады. Фес­тивальға қатысқанның жөні бөлек. Біріншіден, тіл білмейсің, екіншіден қазылар алқасынан ешкімді танымайсың. Қай күні ре­петиция, қай күні сахнаға шы­ғатының ғана анық. Осы күн­ге дейін театр қаншама халық­аралық фестивальға қа­тысты. Қа­зақстанның түкпір-түк­пі­рін гастрольдік сапармен ара­лап шықты. Жалпы, қоржында сегіз жүлде бар, оның бесеуі – бас жүлде.

 

 

Атақтан адам өзгермейді

 

– Әлеуметтік желідегі парақ­ша­ларда кейде орынды-орынсыз сындар жиі айтылып жатады. Бұ­ған қалай қарайсыз?

 

– Әлеуметтік желідегі пікір­лерге ренжіп, көңілімді түсіріп, қиналып қалған кезім болған емес. Құдай сақтасын, болмай-ақ та қойсын? Біріншіден, қазір әлеметтік желіде көбіне «боттар» отырады. Оларды ақшасын тө­леп, кәдімгідей дайындайтын орталықтар болады. Оның жұ­мысы – күндіз-түні тек теріс пікір жазып отыру. Сол адамдар өзіне өзі есеп бермей ме? «Ертең жолым қалай болады?» деп ойланбайтын да шығар. Ойланатын адам қаңқу сөзге еріп, өзі білмейтін жанға теріс пікір жаза алмас еді. «Сені ғайбаттаса, сенің күнәң төгіледі. Ғай­баттаған адамның жазасын ақыретте өзім беремін» деп ха­дисте де жазылып тұр. Бірақ кө­зі ашық, көкірегі ояу халық мұн­дайға ереді деп ойламаймын.

 

– Сұхбатыңыздың көбінде «мені әнші деп айтпаңыздаршы, мен әнші емеспін» дейсіз. Сонда өзіңізді кім деп таныстырар едіңіз?

 

– Мамандығым бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұл­т­­­тық өнер академиясының муздрама бөлімін бітіргенмін. Он­да әншілік те, актерлік те оқытылды. Алдыңғы буын Ро­за Қуанышқызы болса, кіші­міз – Төреғали Төрәлі. Өз­ім­ді өнердің барлық саласын толыққанды меңгерген артиспін деп есептеймін. Себебі онда әнің де бар, биің де бар, актерлік шеберлігің де, шешендік өнерің мен ұйымдастырушылық қа­бі­летің тағы бар. Ресейде ар­тист дегенге осындай ұғым қалып­тасқан. Ал бізде, өкінішке қарай, бәрін бір илеуге салып, өнер ада­мы деп қояды. Өнер адамы мен өнерпаз – екі бөлек дүние. Не болмаса жалпылама әртіс деп таныстырады. Оған актер, әнші, театр актері, балет актері бәрі кі­реді. Бірақ әнші – ол әнші, театр актері театрында ғана ойнайды, балет актері балетте билейді. Шынын айтсақ, өнерде жүрген азаматтардың өзі мұны түсіне бер­мейді. Мен театр актрисасы ғана емеспін. Менің көтеріп жүрген жүгім жеңіл дүние емес. Оның ішін­де телевидение саласы бар, оған жоба мен бағдарламалар кі­ре­ді. Әншілігіммен бірге, педа­го­гика мен шеберханам бар. Продюсерлік қабілетім тағы бар.

 

– Артист адамның өмір жолы­н­да атақтың көмегі бола ма? Пай­дасы ше?

 

– Бір ғана нәрсе – ол сенің үй-ішіңе, ағайын-туысқа керек-ау. Ол атақ анама не балама сти­мул шығар. Өйткені ұлым да осы салада жүргендіктен, ауыз тол­тырып айта алу үшін керек шығар. Өзімде одан ештеңе өзгерген жоқ.

 

 

Әр нәрседен ғибрат алу керек

 

– 18 жастағы Айгүл мен қазіргі Айгүлді салыстыра алмаймыз. Әрине, ол кезде жастық макси­ма­лизм басым. Ал қазір ше?

 

– «Болдым, толдым» деп жет­кен жетістікпен жайбарақат өмір сүретін адам емес екенмін. Бұл –
максимализм бе, әлде өнерге де­ген құштарлық па, білмедім. Бірақ бұрынғыдай бас-көз жоқ, кіріп кететін менмендік жоқ. Іске келгенде аяғына жетпей қой­майтын, қайтпас мінезім бар. Оның үстіне, қазір көп нәр­­сені ойлап-пішіп істейсің. Мы­салы, қазір өз академиямды ашып жатырмын. Академия міндетті түрде мемлекеттік болуы тиіс деген қағида жоқ. Академияда бе­ретін білімнің деңгейіне бай­ла­нысты. Ол жеке болса да, онда өз ісінің кәсіби мамандары сабақ береді. Екіншіден, бұл үйірме емес, қалаған уақы­тында келіп-кетіп жүретін. Бұл – кәдімгі үлкен мектеп. Онда 6 мен 17 жас аралығындағы оқушыларды 1, 3, 5 жылдық ку­р­­­с­пен оқытады. Түске дейін ме­­к­­теб­­і­нде оқыған бала түстен кей­ін академиядан білім алады. Бір сөзбен айтқанда, Құдай бір маңдайына өнер деген ен салған баланы алып, мәпелеп, оқытып, университетке жібереді. Ал Ұлттық өнер институтына мұндай өнерлі балалар қажет-ақ.

 

– Неден ғибрат аласыз?

 

– Қандай жағдай болсын, өзімді ақтап алуға, біреуді даттауға не болмаса, бірден бас салудан аулақпын. Кез келген сұрақтың жауабын өзімнен іздеймін. Әр нәр­седен ғибрат алуға тырысу керек. Осыдан он жыл бұрын бұл сұраққа басқаша жауап берер ме едім, кім біледі? Бірақ осы жасқа келіп түйгенім, басыңнан қандай жағдай өтсін, оның да адамға берер пайдасы бар деп ойлаймын.

 

aikyn.kz




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 13:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31