Өркениет

"Антибиотик салмаңыздар": Индира Расылхан анасының қазіргі жағдайымен бөлісті

  • "Антибиотик салмаңыздар": Индира Расылхан анасының қазіргі жағдайымен бөлісті

Отандық танымал әнші Индира Расылхан кеше ғана анасының денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақыртқанын хабарлаған болатын. Дәрігерлер қойған пневмония диагнозынан қатты қорқып, көпшіліктен дұға етуін сұраған өнер иесінің көңілі бүгін орнына түсті. Анықталғандай, анасының жағдайы анағұрлым жақсара бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан Instagram парақшасында анасының қазіргі халін баяндап, қандай ем алып жатқандарымен бөлісті. Сондай-ақ, эстрада жұлдызы анасы үшін дұға жасап, оның тез сауығып кетуін сұраған халыққа өз алғысын білдірді.

Әнші желідегі оқырмандары ұсынған дәрігердің емдеу тәсілін таңдап, қателеспеген. Анасының денсаулығы жақсарып шыға келді.

"Қадірмендерім менің! Жақсыларым ау! Алла баршаңызға разы болсыншы. Алланың қалауымен, сіздердің тілектеріңізбен, еткен дұғаларыңызбен Анашымның халі жақсарып бастады. Аллаға сансыз шүкірлік еттім. Тап осылай ешқашан уайымдамап едім. Індеттің қарқыны жаман болғандықтан болар. Көбіңіз Айна Бакееваның парақшасындағы кеңеспен бөлісіпсіздер. Алла разы болсыншы. Емі өте орынды және дұрыс ақ екен.

Антибиотик салмаңыздар. Мен бір врачтың кеңесімен Метрогил мен антибитик салдыртып едім Анама, содан хәлі күрт нашарлады. Содан одышка басталды. Ең дұрысы сол дексаметазон және де дыхательная гимнастика екен. Гимнастика жасағанда адам терлей бастайды. Ал терлеген өкпенің жұмыс жасауын жақсартады және сұйықтық термен шығады екен. Бұл енді біздің қолданған тәсіліміз. Адамның организмы әртүрлі болғанымен, қазіргі емделу процесі бірдей. Сол үшін Айна ханымның айтқанын жасаңыздар. Жан ұшырып бекерге шырылдап жатқан жоқ екен. Алланың қалауымен сол кісінің кеңесімен жақсарғанымызға қуаныштымыз" , - деді ол.

 




Көрілген: 3183    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30