Өркениет

"Әр адамның өз шындығы бар": Жанар Хамитова елден кешірім сұрады

  • "Әр адамның өз шындығы бар": Жанар Хамитова елден кешірім сұрады

Көпшілік "Астарлы ақиқат" бағдарламасының студиясына екінші рет келген Жанар Хамитованың өзгеріп кеткенін жарыса айтқан болатын. Жұрттың өзіне деген теріс пікірінен соң әнші тыңдармандарынан кешірім сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.


"Ашулану деген - өзгенің қателігі үшін өзіңді жазалау. Бірақ біз оны дер кезінде түсінбейміз. Түсіністік азайғанда ашуға булығамыз. Даусымыз да бәсең шықпайды.

Өйткені әр адамның өз шындығы бар. Көңіл тереземіз кірлесе, "әлемнің бәрін кір" дей салатын дәрменсіз пендеміз. Жан жылуын, жүрек сырын ұға бермейміз. Өйткені бөтенбіз. Сынауға асығамыз. Жығылғанды жұдырықтай жөнелетініміз тағы бар.


Тағдырға сыналған аруды табалай көрмеңіздерші, өтінем. Өмір өкпелеткенде өзегім өртенбеді. Қайсарлығыма қуат қосыңдаршы, құрметтілерім. Жанға демеу болыңыздаршы, жанашырларым. Ағаттығым үшін кешіріңіздер мені", - деді Жанар Хамитова Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары әлі күнге әншіге өкпелі екендерін жасырмады.


"Өз өміріңді өзің қиындатып жүрсің", "Сенен қатты көңілім қалды", "Сол кезде Әбубәкірді жерге қараттың ғой. Сені қиындықтан алып шыққан сол жігіт еді", "Жақсылықты ешқашан ақшамен өтей алмайсың", "Атыңды өсіретін де, өшіретін де халық екенін ұмытпа", - деп жазды желідегілер.


Айта кетейік, Жанар Хамитова осыған дейін де көпшілікке видео-үндеу жолдаған болатын. 




Көрілген: 1822    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 11:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31