Өркениет

«Арам дүние» деп айтылмас үшін ішіне «қайырымдылық» деп қосып қоясыздар»: Ердос Қанаев лотерея ойнатқыштарға наразы

  • «Арам дүние» деп айтылмас үшін ішіне «қайырымдылық» деп қосып қоясыздар»: Ердос Қанаев лотерея ойнатқыштарға наразы

    «Арам дүние» деп айтылмас үшін ішіне «қайырымдылық» деп қосып қоясыздар»: Ердос Қанаев лотерея ойнатқыштарға наразы

Әлбетте, шайтан ішімдік немесе мас қылатын, және де құмар ойындары арқылы сендердің араларыңа, жеккөрушілік орнатып, Алланы зікір етуден, намаз оқудан алыстатады деген.
"Жігіттер" квартетінің әнші Ердос Қанаев лоторея ойнау немесе ойнату харам екендігі жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол "Алланың харам еткен дүниесін халалға шығарып әуре болмай-ақ қойыңыздаршы!" деп конкурс, лотерея ойнатқыштарға өтініш жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің пайымдауынша, қазіргі кезде өнер иелері арасында халықтың ақшасына ұтыс ойнату сәнге айналған екен.

"Құрметті әншілер, ақындар, вайнерлер, лотерея ойнатып келген, әлі күнге ойнатып жүрген, болашақта ойнатайын деп ниет етіп жүрген әпке-бауыр, әріптестер!Мынау жарқ-жұрқ еткен қызылды-жасылды жалған дүниеге әркім әр түрлі қарайды. Біреу қамшының сабындай қысқа десе, біреу өлместей көреді. Біреу адамгершіліктің арынан аттамай жүрсе, "біреу "менде бола берсе, бола берсе" деп өмір сүреді.

Қарынның қамын ойлап қанағатсыздық ете берсең Қарынбайдың (Харун бай) кебінін кигізе салу Аллаға түкте емес. Бірақ әр адамның мақсаты - адам болып өмірге келдіме, адам болып өту болу керек. Басқа жаратылыстардан айырмашылығымыз осында. Әйтпес,е мал екеш мал да тойғанда күйсегенін тоқтатады.Мен мұны не үшін айтып отырмын? Әңгіменің тұздығы - лотерея!

Осы күнге дейін байқап келемін, қос-қостап машина, ана жақтан үй, мына қаладан пәтер ойнатып, Ислам дінінде харам дүниелерді адалға шығарып, ертең нан алайын деп отырған соңғы ақшасын мүмкін ұтып қалармын деп тігіп жіберіп, қарыздан қарызға батып, шыбын жанын шүберекке түйіп отырған халықтың ақшасына ұтыс ойнату модаға айналып бара жатыр. Рас, ұтыстан көз аша алмай қалдық"

"Бәрінде тегін жатқан батпан құйрық. Арам дүние деп айтылмас үшін ішіне қайырымдылық деп қосып қоясыздар. Ол қанша қайырымдылық болса да - адал емес.Шариғатта құмар ойын деген бар. Бұл - лотерея сол құмар ойындарға жатады. Ал оны Алла харамға шығарған. Айналайындар-ау, Алланың харам еткен дүниесін халалға шығарып әуре болмай-ақ қойыңыздаршы!

Әлбетте, шайтан ішімдік немесе мас қылатын, және де құмар ойындары арқылы сендердің араларыңа, жеккөрушілік орнатып, Алланы зікір етуден, намаз оқудан алыстатады деген. Мұның бәрі Исламда харамның үкімін алады. Кімде-кім осымен шұғылданса, хараммен шұғылданған болып есептеледі, және үлкен күнаға батады!  




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 22:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30