Өркениет

Арман Дәулетияров телеарнадан кетті (ВИДЕО)

  • Арман Дәулетияров телеарнадан кетті (ВИДЕО)

    Арман Дәулетияров телеарнадан кетті (ВИДЕО)

MuzTV-ның бас директоры Арман Дәулетияров телеарнадан кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Арман Даулетияров МУЗ-ТВ-да 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, 2009 жылы арнаның музыкалық директоры және жыл сайынғы музыкалық сыйлықтың директоры болды. Ал бас директор қызметін 2013 жылдан бері атқарып келеді.

"Мен МУЗ-ТВ өзінің алғашқы қадамдарын жасай бастағанда арнада жұмыс істедым. Оның 25 жылының 20-сында бірге болдық, әртістер мен көрермендердің бірнеше буыны бізбен бірге өскеніне қуаныштымын. МУЗ-ТВ-дағы командама адалдығы мен кәсібилігі үшін рақмет. (...) Елу жылдық межеден өткеннен кейін, мен жайлы орыннан шығып, әрі қарай, жаңа мақсаттар мен жетістіктерге жету үшін өзіме қарсы шыққым келетінін түсіндім", - деді Давлетьяров.

Енді бас директор лауазымына ТНТ MUSIC және А-One телеарнасының бұрынғы бас директоры Захар Бибин тағайындалды.

Айта кетейік, 13-ші МУЗ-ТВ ұлттық сыйлығы 2015 жылдың 5 маусымында Қазақстанда "Астана Арена" стадионында өткен. Сол кезде ол алғаш рет Ресейден өзге елге шыққан.

Арман Давлетьяров - этникалық қазақ. Орынбор облысындағы Тамар-Уткуль деген шағын ауылда дүниеге келген. 2001 жылы ол өзінің "Музыкальное единство" атты продюсерлік компаниясын ашқан. А`Studio, "Динамит", Мұрат Насыров, Батырхан Шүкенов сияқты танымал музыкалық топтар мен әртістермен жұмыс істеген.

sn.kz




Көрілген: 2415    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 21:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31