Әсел Асқар: Әкемнің азаматтық некедегі әйелі арамызды үзу үшін бәрін істеді

08 қазан 2021, 11:57

Әсел Асқар ата-анасының ажырасуына қатысты сыр бөлісті. Актриса әкесімен арасын алшақтатқан оның екінші әйелі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ата-анасы Әсел небәрі 7 жаста болғанда ажырасқан. Бала Әсел қатты уайымға салынғанын, бұл жағдайды ауыр қабылдағанын жасырмайды.

 
"Әкемнің азаматтық некедегі әйелі біздің арамызды үзу үшін бәрін істеді. Мен оны жек көрдім. Ол менен әкемді қызғанды. Ақымақ. 

Не дейін? Ол әкемді менен алыстатты. Бірақ уақыт бәрін орнына қойды. Кейін әкем одан өзі кетті", – деп ағынан жарылды блогер.

Ол жолдасының алғашқы некесінен туған перзентін қабылдай алмай жүрген оқырманына кеңесін айтты. Балаға мейірімді болуға, оны қабылдауға шақырды. 


"Фильмнің сценарийін әйеліне жаздырды": Талғат Теменов Ақан Сатаевты сынға алды
Жәния Джуринская мектептегі ұстазынан көрген қорлығы жайлы айтты

"Балалар бәрін сезеді. Оған мейірімді болыңыз. Уақыт өте келе, ол бағалайды. Мұны еріңіз бен өзіңіздің тыныштығыңыз үшін жасайсыз ғой. Баланың аты бала, оның еш кінәсі жоқ. 

Ол жағдайдың құрбаны. Оның арам ойы жоқ, тек ата-анасының екеуін де жанынан көргісі келеді. Оның сатқындық жасамайтынын, тастап кетпейтінін сезгісі келеді", – деді Әсел.