Өркениет

Әсел Асқар екінші күйеуімен неге ажырасқанын айтты

  • Әсел Асқар екінші күйеуімен неге ажырасқанын айтты

    Әсел Асқар екінші күйеуімен неге ажырасқанын айтты

Блогер Әсел Асқар екінші күйеуімен ажырасуының себебін ашып айтты. Сөзіне қарағанда, екеуінің айырылысуына күйеуінің әкесі мен қарындасы себеп болған.

Бұл туралы  Stan.kz НТК арнасының Taboo бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 
Әсел Асқар бірінші күйеуі қол көтергендіктен, одан ажырасқанын жеткізді. 
"Қазір өкінемін, сол кезде быт-шытын шығарып, сотқа беру керек еді", – дейді Әсел.

Танымал блогер мұрнына және омырауына пластикалық ота жасатқанын мойындады. Айтуынша, бір ер адаммен төбелескеннен кейін, мұрны сынған. Алайда оның кім екенін Әсел ашып айтпады. Десе де, екінші күйеуінің ешқашан мұндай қадамға бармағанын атап өтті. 

"Күйеуімді сағынамын. Үш жыл бойы жаныңда жатқан адамды қалай сағынбайсың? Бір күнде ұмытып қалдым деп өтірік айта алмаймын.

Жеңілтек қыз емеспін ғой. Әр қиын сәттен кейін адам даму жағынан бір сатыға көтеріледі. Енді Алла маған не дайындап қойды екен деп соны күтіп жүрмін", – дейді Әсел. 

Нумерологияға қатты сенетін Әсел екінші күйеуімен заңды некеге тұрмаған.

"Айбекті кінәлай алмаймын. Мен өзім түсінбей жатқан себептер бар.Қайын сіңлім мен қайын атам ажырасуымызға себеп десем болады. Ол кісі мені о бастан қабылдамаған.

Мен ажырасқанмын. Оның баласы бұрын-соңды үйленбеген, патша. Айбектің туысқандары қазір мені көріп отырса, сөзімді жоққа шығара алмайды. Менің жасағанымды еркек те жасай алмайды”, – дейді танымал бикеш.

Әсел енесімен қарым-қатынасы жақсы болғанын атап өтті. Жас айырмашылығы небәрі 15 жас болғандықтан, әпкесі сияқты қарағанын жасырмады.

“Қайын сіңлім мамасын менен қатты қызғанды. Мамасы: "Айбек сенімен жүргенде жаным тыныш", – дейтін. Себебі мен оған ішкізбеймін. Көп қыдырмаймыз. Айбек өзгерді, кітап оқи бастады. Ашылды. "Сен оған жақсы әсер етесің" деп рақметін айтып отыратын. Жақсы кісі еді. 
Ал қайын сіңлім қайсар, ерке қыз. Оған көп мүмкіндік беретін. Кей жерлерге мұрнын тыға алатын", – деп ағынан жарылды инста-жұлдыз. 

Айта кетейік, танымал блогер ажырасқаннан кейін жүкті екенін жариялаған еді.




Көрілген: 1660    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 11:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30