Өркениет

Әсел Сәдуақасова Мәскеуге неге көшкенін айтты

  • Әсел Сәдуақасова Мәскеуге неге көшкенін айтты

    Әсел Сәдуақасова Мәскеуге неге көшкенін айтты

Жақында Мәскеуге көшіп кеткен қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасында оқырмандарына мұндай қадамға баруының себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Мәскеуде тұру әрқашан арманым болды. Алғашында жұмыс болды, көшу туралы ой болмады, содан кейін ұзақ қарым-қатынас, кинодағы мансап, тағы да ұзақ қарым-қатынас, кейін карантин. Әрдайым түрлі себеп болды. Бірақ армандай бердім. Қазір көшіп келгеніме қуаныштымын.

Себебі мен қазір ересек адаммын, яғни ми жақсы жұмыс істейді, әлі де физикалық жағынан жаспын, өз-өзімді қамтамасыз ете аламын, жаман әдеттерден арылып, ең бастысы біреуге бір нәрсені дәлелдегің келмейді.

Жаным үнемі жаңалыққа ұмтылды, үзіліс керек болды. Міне, көштім. Бір апта ішінде заттарымды жинап, кетіп қалдым. Сіздер маған сұрақ қоясыздар, неге, қандай жоспарларың мен мақсаттарың бар, қандай себеппен және т.б.

Шынымды айтсам, ешқандай мақсат-міндет, жоспарлар жоқ. Біреу мұны маңызды деп ойламауы мүмкін. Біреу мені қашып кетті деп ойлады. Жоқ, олар мені үйде жақсы көреді, әрдайым күтеді, болжамдар көп, бірақ бәрі оңай.

Мен шынайы армандарым мен тілектерімді жүзеге асырғым келеді, қоғам, ана, туыстар немесе кез келген адамға қатысты емес. Өмірде бірінші рет бақытты болудан басқа мақсат қоймадым. Жаратқанға сенемін. Менің ойымша, бұл - менің ең дұрыс шешімім", - деп жазды актриса.

Әсел Сәдуақасова - актриса, әнші және продюсер. 2002-2013 жылдары "Дауыс International" поп-тобының мүшесі болды. 2010 жылдан бастап әнші ретінде мансабын тастап, кино индустриясына актриса және продюсер ретінде келді. "Шегіртке", "Сталинге сыйлық", "Серпіліс", "Жұлдызға арналған коктейль", "Әсел, достар мен құрбылар", "Келинка да адам" және басқа да фильмдерге түскен.

Tengrinews.kz. 




Көрілген: 1005    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 12:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30