Өркениет

Аша Матай қызын қырқынан шығарғанда қайынжұрты неге келмегенін айтты

  • Фото: видеодан кадр/Instagram/armankonyr. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: видеодан кадр/Instagram/armankonyr. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай күйеуі Арман Қоңырбаевпен ажырасып кеткені жайлы қауесеттерге жауап берді. Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы екінші қызы Айымның қырқынан шығару рәсімінен кейін қызу талқыға түскен. Аталмыш шара Ашаның төркінінде өтіп, онда Арманның анасы мен әпкесі келмеген болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Аша Матай ел арасында тарап кеткен қауесеттерге нүкте қойып, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

 

Сонымен қатар, тележүргізуші қызының қырқынан шығару рәсіміне қайынжұрты не себепті келмегені жайлы бар шындықты айтты.

 

"Бірден айта қояйын, бізде барлығы дұрыс. Кімнің не жазғанын білмеймн. Демек, біздің отбасымызды ұрыстырудың бір жолы деп ойлаймын. Сенбеңіздер, Аллаға шүкір барлығы жақсы. Ал, қайынжұртыма келетін болсақ, ол кісілерді шақырдық. Арманның туыстары белгілі бір себептерге байланысты келе алмады.

Келмеген бір жағдай болды. Бірақ, оның бізге қатысы жоқ. Біз хайп жасауға тырыспаймыз. Адамдар өздері хайп іздейді. Біз сол баяғы керемет отбасымыз. Өнерімізбен танылсақ, өмірімізге қолсұғушылық өте көп. Әрине, ол өте қиын жағдай. Дегенмен, бәрі дұрыс. Барлық көрермендерімізге айтарымыз осы" , - деп ақталды Аша Матай.

 




Көрілген: 6423    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 17:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30