Өркениет

Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші қызына қандай есім қойды

  • Фото: Instagram

    Фото: Instagram

Белгілі әнші Арман Қоңыр мен эстрада жұлдызы, танымал тележүргізуші Аша Матайдың шаңырағында жақында ғана сәби дүниеге келгені баршаға аян. Жұлдызды жұп тіпті екінші қыздарына есім таңдап қойған екен. Арман Қоңырдың желіге салған суретінде, оның қызына "Айым" деген ат қойғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіне екінші қызымен түскен алғаш суреттерінің бірін жүктеген ол, оған: "Айым Арманқызы. Аллаға шүкір, әлхәмдилуллә" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары аталмыш жазбаны көріп, жаппай жылы тілектерін арнаған. Олар:

"Кішкентайдың бауы берік болсын", "Өте әдемі сурет", "Қандай ғажап, бөпеңіз аман болсын", "Тіл-көзден аман болыңыздар", "Екінші рет әке атануыңызбен", "Айым да Асылым сияқты тәп-тәтті қыз болып өссін", "Бақытты болыңыздар" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Аша Матайдың екінші мәрте ана атанып, қыз босанғаны белгілі болған еді. Әнші өзінің парақшасында дүниеге тағы бір қызды дүниеге әкелгенін айтып, көптің ыстық ықылас бөленген болатын.

Сол сияқты айы-күні жақындағанша, эфирде "Қалаулым" бағдарламасын жүргізген ол, былтыр күзде аталған қызметіне қатысты бар шындықты айтып берген болатын. Тележүргізуші әлдекімдер өзіне хабарласып, эфирге шықпауы үшін, арнайы ақша ұсынғандарын да көпке жария еткен.

 




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

сенбі, 18.01.2020, 16:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29