Өркениет

Аша Матайдың аяғы ауыр екені рас па?

  • Аша Матайдың аяғы ауыр екені рас па?

    Аша Матайдың аяғы ауыр екені рас па?

 Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші сәбилерін күтіп жүр. Танымал тележүргізушінің аяғы ауыр екені жайлы ақпарат ресми түрде белгілі болды деп жазады НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Ел арасында Аша Матайдың тағы да жүкті екені жайлы қауесетті тележүргізушінің күйеуі растады.


Арман Қоңыр екінші мәрте әке болатынын өзі айтып берді.


"Негізінде ол шындық, күтіп жатырмыз. Аман-есен босанса деген ниеттеміз, құдай қаласа" , - деді ол.


Жұлдызды жұп ұзақ уақыт бойы бұл қуанышты хабарды не себепті құпия сақтағанын да түсіндіріп өтті.


"Әрине, көз тиіп кете ме қорқамыз. Оның үстіне, ол да кішкентай тұлға ғой, біздің танымалдығымыз оған кері әсерін тигізбеуі қажет" , - деп ағынан жарылды Аша Матай.


Арман мен Ашаның өмірін жіті бақылап отыратын белсенді желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың екінші сәбиінің жынысын болжауға да кірісіп кеткен.


Алайда, жұлдызды жанұя әзірге бұл құпиясымен бөліспеуді жөн көрді.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 2601    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 09:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30