Өркениет

Аша Матайдың жазбасы ел арасында қызу талқыға түсті

  • Сурет әлеуметтік желіден

    Сурет әлеуметтік желіден

Отандық танымал әнші әрі актриса Аша Матай желіде ерекше жазбамен бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына қалды. Болашағын болжап көрмек болған өнер иесі елден оңбай сөз естіді. Желідегілер оның ақыр-соңы ажырасып, енді тағы да тұрмысқа шығуға құлықты екенін жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Аша Матайдың қалың көпшілік арасында қызу талқыға қалуына оның желідегі жазбасы себепкер болған. Тележүргізуші Instagram парақшасында болашақты болжайтын қосымшадан шыққан нәтижесімен бөліскен.

 

Онда өнер иесі әншілік жолына бет бұрып, мұнайшы азаматқа тұрмысқа шығып, Америка Құрама Штаттарына көшіп кететіні жазылған. Оған қоса, ол екі баламен тоқтайтыны мен табысы 200 миллион болатыны келтірілген.

 

Желідегілер Аша Матайдың бұл қылығына әлі де аса қатты таңғалуда. Олар ажырасып кеткенін ресми түрде растамаған шоу-бизнес жұлдызының басқа күйеу туралы жазғаны артық болғанын ескертті.

 

 "Демек басқа байға тиесіз ғой" , "Мұнайшыға тұрмысқа шығып, АҚШ-қа көшіп кетесіз" , "Бақытты болыңыз, бағыңыз ашылып кетсін" , "Көбісінде алғашқы жолдасы соңғы емес. Сол себепті, күйеулер ойланып қойыңыздар" , "Ажырасқанын ресми растамады да ғой. Өзі болса, екінші жолдасы кім боларын біле алмай әлек болып жүргені қызық екен" , Сонымен, басқа күйеу іздеуге кіріскен ба? Арманмен ажырасып тынды ма" , - деп жазды халық.

 

 

 

 




Көрілген: 5476    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30