Өркениет

Асхат Садырбай басшылық қызметтен не себепті кеткенін айтты

  • Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

    Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай ашылғанына бір ай ғана болған халықаралық "Turkistan" телеарнасының Бас продюсері қызметінен кетті. Белгілі ақпарат өкілі оған не себеп болғанын ашып жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Асхат Садырбай аталған телеарна ұжымымен қош айтысуына қатысты бар шындықты Instagram парақшасында айтты. Журналист бұл тақырып аясында арнайы жазба жариялап, алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды.

 

Білікті маман "Turkistan Media Holding" компаниясында екі айға жуық қызмет еткен.

 

"Түркістандағы ұжыммен қимай қоштастық. 2 айға жуық уақыт аз көрінгенімен біз бір-бірімізге бауыр басып үлгергендейміз. Арнаның ашылуы алдында жұмыс өте қарбалас болды. Жұмыс уақытынан тыс әріптестермен жақын сырласып үлгермедік те. Амандық болса алдағы уақытта кездесе жатармыз.

Осы сәтті пайдаланып “Turkistan” телеарнасындағы әріптестеріме алғыс айтсам деймін. Редакторлар, операторлар, видеоинженерлер, анонс, бағдарламалар режиссерлері және басқа да бөлімнің жауапты қызметкерлері жаңа телеарнаны ашуға арналған ұсыныстарым мен идеяларымды қолдап, күн-түн демей, тіпті демалыс күндері үйлеріне де қайтпай жаңа телеарнаның тұсаукесері үшін көп еңбек етті. Өз ісіне тиянақты, жұмысын жан-тәнімен сүйіп істейтін, жүктелген тапсырмаға шынайы жауапкершілікпен қарайтын мамандарды ерекше бағалаймын, құрметтеймін. Көп рахмет! Алдағы уақытта сіздердің телевизия саласында елеулі еңбек етіп, отандық тележурналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосатындарыңызға сенемін. Телеарнадан кетуіме қатысты әртүрлі алып-қашпа әңгімелер мен болжамдарға, негізсіз, дәйексіз сөздерге нүкте қою үшін айта кетейін 22-наурыздан кейін денсаулығым сыр беріп жұмысқа шыға алмадым. 12-сәуірден бастап медиахолдингпен келісімшарт тоқтады.

Медиахолдинг басшылығы арнаның ашылуына атсалысқаныма алғыс айтып, шығарып салды. Туған жерге бұдан да ұзақ, бұдан да көп қызмет етуге болар еді, оны енді алдағы күндердің еншісіне қалдырамыз. Ал, телеарнадағы әріптестеріме сәттілік тілеймін. Тек облыс, республика көрермені ғана емес күллі түркі жұрты тамсанып тамашалайтын телеарнаны эфирге шығаруда аянбай еңбек ете беріңіздер" , - деп жазды Асхат Садырбай.

 




Көрілген: 2261    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 19:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30