Өркениет

Асхат Садырбай: Ерке туралы, онымен қатынасым туралы айтқым да, еске алғым да келмейді

  • Асхат Садырбай: Ерке туралы, онымен қатынасым туралы айтқым да, еске алғым да келмейді

    Асхат Садырбай: Ерке туралы, онымен қатынасым туралы айтқым да, еске алғым да келмейді

Тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай қазіргі жұмысы мен өзін алаңдатқан кей мәселелерге тоқталды. Қоғамдық, саяси мәселелерге белсене кіріскен тележүргізуші өз қадамын түсіндірді. Жеке өмірі жайлы көпке мәлімдегісі келмейді. Өткені мен отбасы туралы тақырыптап аулақ болуға тырысады.
Тележүргізуші бұл жайында Рейтинг.кз бағдарламасында айтты.

Асхат Садырбай бір кездері телеарнада түрлі бағдарламаларды тізгіндеді. Қазір қоғамдық істе, жастармен бірлескен істе белсенділік танытып жүр. Праймеризге қатысуға ниетті. Өзін бұған әбден лайық санайды.

"Қазір мені жоғалтып алған көрермен көп. Біздің телеарнадағы жобаларымыз тоқтады. Бірақ қанша жаңа жобалар ұсынып жатырмыз. Оны қабылдамай қояды не жауапсыз қалады. Ертесі өздері сол жобаны шығарады немесе журналистикаға қатысы жоқ басқа компаниялардың жасап жатқанын көреміз. Біздің қазіргі телеарналардың жұмысында даму жоқ. Көп бағдарлама шетелдің көшірмесі. Жаңа идея жоқ. Бұл көрерменді жалықтырып жібереді", - деді тележүргізуші.

Асхат мырзаның телевизиядан бөлек баспасөз әлеміне көңілі толмайды. Сары басылымның қазір де, кейін де сұранысы арта беретінін атады.

"Бізде газетті ешкім оқымайтын болды. Оны әлеуметтік желіден деп жатады. Оқырман желіге ауысып кетті деп ақталады. Бірақ шетелде де желі бар ғой. Оларда да смартфон бар. Олар да желіде отырады. Бірақ газет оқуды қойған жоқ. Түркияда газет өлген жоқ. Неге бізде жаппай бәрі әлеуметтік желіде уақыт өткізеді. Бұл газет жұмысының дұрыс жүрмеуінен. Оқырманды тарта алмауы себепті де ойлаймын", - деді ол.

Асхат Садырбайдың Еркемен қатынасы, екінші жарымен ажырасуы жайлы желіде көп жазылды. Алайда тележүргізушінің өзі жеке өміріне қатысты ақпаратқа жауап бергісі келмейді.

"Мен Ерке болсын, жалпы жеке өміріме қатысты ақпаратты жария еткім келмейді. Бұрынғы қатынас туралы айтқым да, жазғым да келмейді. Талай рет айылды. Әр кезде бір тақырыпты қозғаудың түк керегі жоқ. Оған ниетім де жоқ. Сондықтан басқа тақырып қызығырақ", - деді Асхат мырза.

Тележүргізуші желіде өзіне жазылған жаман пікірлерді өшіріп отырады. Себебі ата-анасының, жақындарыныңың көңіліне алаңдайды. Ал, қоғамдық жайттарды көтеріп, талқыға салуға әрқашан дайын екенін жеткізді.  




Көрілген: 3427    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31