Өркениет

Асхат Тарғын: 42 500 біреудің жыртығын жамауға жетеді деп ойламаймын

  • Асхат Тарғын: 42 500 біреудің жыртығын жамауға жетеді деп ойламаймын

    Асхат Тарғын: 42 500 біреудің жыртығын жамауға жетеді деп ойламаймын

Карантин көптің өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Әсіресе, үнемі тойда жүретін әншілер қазір үйде. Бұрынғыдай апта сайын долларлап табыс та таппайды. Ал, бұл жағдай тойдың хитмэні Асхат Тарғынға қалай әсер етті? Бұл туралы әншінің өзінен тілшіміз сұрап білді.
Асхат, сәлем. Қалыңыз қалай? Карантинге үйрендіңіз бе?

Иә, карантин басталғалы 1,5 ай болыпты. Күнде үйдеміз. Баламның, жарымның қасындамын. Бұл індетті бәріміз бірігіп жеңеміз деп сенемін. Далаға бос шықпауға тырысамын. Анда-санда дүкенге, дәріханаға шығып келетінім бар. Көп уақытымды балама арнап жүрмін. Бұрын үнемі жұмыста жүргендіктен ұлым анасының қасында ұйықтайтын. Осы карантин кезінде маған үйреніп, менімен ұйықтайтын болды. Қазір ұлым 2,5 жаста. Тілі шығып келеді. Сөздерді үйретіп, тәрбиесіне мән берудемін. Карантиннің бір пайдасы осы: отбасыма көп көңіл бөлудемін.

Үнемі гострольде, тойда, түсірілімде жүріп үйренген сізге тәулік бойы үйде болу қиын емес пе?

Иә, үнемі жұмыста жүргендіктен бастапқыда қиналдым. Алғашқы кездері тек тамақ ішіп, кино көріп,салмақ қосып алған едім. Кейін олай болмайтынын түсініп,жаттығулар жасап, өзімді қолға ала бастадым. Мен 16 қабатта тұрамын. Күнде бірнеше рет бірінші қабатқа дейін жүгіріп түсіп-мініп жаттығу жасап жүрмін. Одан бөлек үйде бітпей жүрген шаруаларды реттеп,әйтеуір уақыт өткізудеміз. Қазір кәдімгідей үйде болғанға үйреніп алдық. Карантин біткесін жұмыс жасауға ерініп жүрмесек болды.

Төтенше жағдайдың сізге әкелген артықшылығы мен кемшілігі қандай?

Қарапайым халыққа бұл уақыт қиындау болып жүр. Себебі, жұмыс тоқтап, айлықсыз қалды. 42500 теңгені алғаны бар, алмағаны бар. Алса да 42 500 біреудің жыртығын жамауға жетеді деп ойламаймын. Бұл мен түсінген минусы. Ал пайдасы: тәубеге келдік. Денсаулықтың қадірін түсіндік. Еркіндіктің қадірін түсіндік. Жұмыстың қадірін түсіндік. Ораза қабыл болсын.Алғаш ұстаған Оразаңыз бен алған әсеріңіз есіңізде ме? Алғаш рет 2009 жылы ұстадым. Ортасында бір жыл ұстамай қалдым. Кейін 2012 жылдан бастап мұқият ұстап, тек тамақтан емес, жамандықтан да тыйылуды әдетке айналдырдым. Алғашқы жылдары шөлге шыдамай су ішіп қойып,кейін Ораза екенімізді еске түсіретін кездеріміз болды.

Тұңғыш қызыңыз шатаспасам, Алматыда студент еді.Қаншалықты араласып тұрасыз?

Үлкен қызым Чайковский атындағы колледжде 1-курста оқиды. Сабаққа қатынау оңай болғандықтан, одан бөлек студенттермен жақын болу үшін, студенттік өмірдің дәмін көру үшін колледж жатақханасына орналасты. Өзінің қалауы болды. Бірақ, әр сенбі-жексенбі үйге келіп қонады. Өзім қадағалап,көмектесіп жүрмін. Өзімнің қызым болғандықтан,аманат екенін білемін. Сондықтан, аяғына тік тұрып кеткенге дейін көмектесуге дайынмын.
Бір сұхбатыңызда "кредитім бар.Жеңілдік керек" деген екенсіз.Жеңілдікті пайдаланып жүрсіз бе?

Иә, кредитім бар. Сол сұхбатта мен "кредитім бар.Мен оны төлей аламын. Бірақ төлей алмайтын жандарға көмек ретінде жеңілдіктер жасалу керек" деп айтқан едім. Оны көпшілік дұрыс түсінбей қалыпты. Үйімді кредитке алдым. Қазір ай сайын төлеп отырмын. Ешқандай жеңілдікті қолданбадым. Себебі, төлеуге мүмкіндігім бар.

Тойдың тоқтауы сіздерге қалай әсер етті?

Тойдың тоқтауы қалыпты жағдай ғой. Жылда Оразада, қаңтар-ақпан айында той тоқтайды. Біз бұған алдын ала дайындаламыз. Қазір де тойдың тоқтауы қалыпты жағдай ретінде қабылданды. Жинағанымызбен өмір сүрудеміз. Одан бөлек мен Алматы әуендерінде жұмыс жасаймын. Аса байда,кедей де емеспін. Орта жағдайдағы азаматпын.

Арасында тарығып тұрған да дұрыс. Мұндай сынақ, таршылықтың кездесуі тәубемізге түсуге көмектеседі. Біз апта сайын тойға барып,ақша тауып,оны бей-берекетсіз жұмсап, ақшаның қадірін де білмей кетеміз. Сондықтан, осындай әр күнімізге тәубе.

Әр отбасында ыдыс-аяқ сылдырлап тұрады ғой.Сіздің үйде кім бірінші ұрысты бастап, кешірім сұрайды?

Біздің үйде ыдыс-аяқ сылдырламайды. Себебі, келіншегім бетіме келген емес. Әр істі ақылдасып отырады. Әйелім өзінің міндетін,мен өзімнің міндетімді атқарамын. Шынымды айтсам, арамызда ұрыс-керіс болған емес. Болмай-ақ қойсын. 

stan.kz/




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 01:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30