Өркениет

Ашуға булыққан Сейфуллин Жолбарыс дүкенде шу шығарды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Желіде белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыстың азық-түлік дүкенінде жанжалдасып жатқан видеосы тарап, қызу талқыға түсті. Өнер иесі сатушыға боқтық сөздер айтып, онымен төбелеспек болған. Эстрада жұлдызы дүкен қызметкері өзін танымай қалғанына қатты ашуланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жолбарыс Сейфуллиннің шу шығарған видеосы Instagram желісіндегі juldyzdy_janalyk парақшасында жарияланған.

 

Онда әншінің сатушының қыр-соңынан қалмай, оны сыртқа шақырғанын көруге болады. Ол әңгімені барынша аяқтауға тырысқан жас жігітті балағаттап, мәселені "еркекше" шешпек болған.

 

Алайда, екі азаматтың жанжалдасып қалуына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Әнші сатушы өзін танымайтынын айтқанда одан бетер ашулана кетті. Ол өзге тұтынушылардың көзінше былапыт сөздерді айтуды жалғастыра берген.

 

Аталмыш видеоны көрген желі қолданушылары эстрада жұлдызының ішімдікке "тойып" алғанын болжады. Олар Жолбарыс Сейфуллиннің әрекетін қатаң сынға алып, оған қатысты бар ойын айтты.

 

"Шегірткенің айғыры екен" , "Мынау ұят екен, ішіп алған ғой" , "Алқаш болады" , "Өте ұялып тұрмын", "Кішкене ұйықтап алып, кешірім сұрайын деп жүрген жігіт қой" , "Осы істегенімен керемет болдым деп тұрған шығар. Сейфуллин болсаң өзіңе, айқайды салып, әлімжеттік жасайтын жөнің жоқ. Өстіп өздеріңнің қандай адам екендерің, мәдениеттен жұрдай екендерің көрініп тұр. Масқара, ішудің де" , "Сөзім жоқ, мазасыз әрі мәдениетсіз адам екен" , - деп жазуда көпшілік.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CCTrh_KlmyV/




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31