"Асыл арна" ақшаны қайдан алып отырғаны белгілі болды

25 қазан 2020, 15:35

"Асыл Арна" директоры Мұхамеджан Тазабек телеарна қалай қаржыландырылатыны, арна бағыты келешекте қалай өзгеретіні туралы айтып берді деп хабарлайды qamshy.kz.

 

Ақын "Тәлім Trend бағдарламасының айналасындағы дауға байланысты өткізген тікелей эфирде "Асыл Арна телеарнасын арабтар қаржыландырады" деген әңгіме шындыққа жанаспайтынын, телеарна бірде-бір мемлекеттен ақша алмағанын атап өтті.

 

Ол "шетелден ақша алу опасыздық, жауапсыздық" болар еді деп, арна ешбір елден 1 доллар да алмағанын айтты.

 

Мұхамеджан Тазабектің сөзінше, телеарна ара-тұра ғана тендерге қатысып, азын-аулақ ақша табатыны бар. Табыстың негізгі көзі &ndash жарнама. Кей-кейде қарапайым азаматтар мен қалталы адамдар қаржылай қолдау жасап тұратынын жасырмады.

 

Ақын енді арнада діни бағдарламалар азайып, отбасылық хабарлар, ұлттық құндылықтарға негізделген бағдарламалар артатынын айтты.

 

Сондай-ақ ол 10 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына "Асыл Арнадан" діни арна жауапкершілігін алуды, діни басқарма жеке дін бағытындағы арна ашуы қажеттігі туралы айтып келе жатқаны жеткізді.

 

Сөзінше, ұсынысы мақұлданып, жуық аралықты  "Халық арна" телеарнасының орнына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеке арнасы ашылатын болады.