Өркениет

«Асыл арнаны» жауып, «ТәлімТВ» ашамын» - Мұхамеджан Тазабек

  • Сурет ғаламтордан алынды

    Сурет ғаламтордан алынды

Мұхамеджан Тазабеков  өзінің "Асыл арнасын" жабу туралы шешімге келгенін айтты. Бұл туралы ол желіде жазды  деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы.

 

"Мүфтияттың Алматыдағы бас ғимаратында тарихи жиын өтті.

 

Атап айтқанда, Абай мен Мәшһүр Жүсіп, Майлықожа мен Шаһ-Кәрімдер секілді даналар ұстанған Мәтруди ақидасының қазіргі қазақ руханиятындағы алтын қазық орыны мен Ханафи мазхабының тығырықтан шығарар тұғырлы қасиеттері сөз болды.

 

Мен де шыны керек, осы күнге дейін толық жауабы берілмеген, нүктесі қойылмаған, қоғам тарапынан туындап жүрген сұрақтарға бүгінгі берекелі жиында ашық, айқын жауап тауып, жүрегім ғұламалар насихаты мен уағызынан қанағат тапты.

 

Ақидамыз Мәтруди, мазһабымыз Ханафи, қара шаңырағымыз Мүфият деген ұстаныммен, ынтымақ- бірлікпен жиын соңында тарқастық.

 

 Біраз уақыт бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде бүгін ғана тұсауы кесіліп жатқан &ldquoХалық арна&rdquo діни каналы жайында сөйлескен болатынбыз.

 

&ldquoЕгер діни канал ашып жатсаңыздар, &ldquoАсыл арнаны&rdquo жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын&rdquo деп айтқан болатынмын.

 

Себебі, діни уағызбен діни басқарма толықтай өздері айналысқаны жөн. Қазір бұрынғыдай емес, діни басқарманың кадрлық, қаржылық құзыреті діни арнаның қызметін қамтуға жеткілікті.

 

Сырт көзден де артық сұрақ туындамай, бір бұлақтан ақпарат тарқауы елге де ыңғайлы.

 

Ал, он жыл бұрын біз арна ашқан кезде алдымызда салыстыратын, үлгісін алатын мұндай жоба болмаған. Қатты қиналдық, іздендік, артық айттық, кем айттық, халықпен кеңесе жүріп осы күнге жеттік.

 

Ол кезде эфирде құмарлық насихатталса да құран оқылмайтын, мазаң қашатын әуен болса да азан айтылмайтын.

 

Қаншама ата-апаларымыз сұқбат тыңдап, жастарымыз рухани тағылым үйреніп, қаншама бағдарламаларды балаларымызбен бірге отырып ұялмай көрдік...

 

Аллаға шүкір, діни басқарма толысып, осыншалық ауыр жүк, діни аманатты мойынымыздан алып жатқанына қуаныштымыз.

 

"Халық арнаға" ақ жол, шығармашылық табыс тілейміз.

 

Ал, "Асыл арна" жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне "Тәлімтв" деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік - отбасылық, ғылыми - танымдық, мәдени - ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады. Әрі көрермендерге әлеуметтік ролдік модельдерді ұсынатын мотивациялық концервативті алаңға айналады",  деді ол

 

 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 14:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31