Өркениет

Ата-анасы туралы айтқан Индира Еділбаева көзіне жас алды

  • https://brod.kz/

    https://brod.kz/

Отандық танымал әнші Индира Еділбаева ауқымды сұхбат беріп, өз отбасына қатысты бар шындықты айтты. "Украина дауысында" өнерін паш етіп, көпшілікке танылған арудың ата-анасы ажырасып кеткен болып шықты. Жас талант әкесі туралы сұрақ қойылғанда көңілі босап, әрең жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасына сілтеме жасап.

 

Индира Еділбаева Украинада өткен байқау барысында жеңіске анасы үшін жеткісі келетінін айтқан болатын. Сол кезде жас әншінің жанкүйерлері бірден оның әкесін атамағанына қатты таңғалды. Дарынды арудың өнеріне тәнті болған көпшіліктің көкейіндегі сұрақты қазақстандық тележүргізуші Әділ Лиян қойды. Индира Еділбаева оған сұхбат беру барысында өз отбасы мен жеке өміріне қатысты бірқатар құпияларды ашқан.

 

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта жас әнші сүйгенін кездестірген. Бойжеткеннің ғашығы да өнер саласынан болып шықты.

 

"Қазіргі таңда мен қарым-қатынастамын, сүйіктім бар. Ол да өнер саласынан. Біз бір мерекелік шаралардың бірінде таныстық. Негізі бұрыннан таныспыз, бірақ енді ғана жұп болуды шештік. Қарым-қатынасымыз енді ғана басталды. Негізі мен ешкімге ашыла бермейтін адаммын. Мен жайында тек анам, менеджерім және достарым ғана біледі.

Ал әкеме келетін болсақ, ол кісі мен 12-де болғанда ауырып қайтыс болды. Содан бері біз анам екеуміз өмір сүріп келеміз. Көп қыздар өмірлік серігін әкесіне ұқсатып таңдап жатады. Бірақ, мен ұзақ уақыт бойы әкеммен тұрмадым. Менің ата-анам ажырасып кеткен болатын. Мен әкесіз өскендіктен жадымда нағыз ер азаматтың үлгісі қалыптаспады. Маған ол өмірлік тәжірибеммен келді. Ағаларым мен достарымның отбасы жағдайында қандай екенін көріп келдім, Кітаптар оқыдым" , - деді әнші.

 

Әкесі жайлы сөз қозғағанда Индира Еділбаева көңілі босап, көз жасын әрең тыйды.

 




Көрілген: 1492    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31