Өркениет

"Ата-бабама тіл тигізгесін, ашуланып кеттім": Бесбаев кімге ренжігенін айтты

  • CC0 / Мейрамбек Беспаевтың желідегі парақшасынан

    CC0 / Мейрамбек Беспаевтың желідегі парақшасынан

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің өмірлік ұстанымы мен МузАрт тобын таратуға қатысты ойымен TalkLike бағдарламасына берген сұқбатында бөлісті.


"Ата-бабама тіл тигізгесін ашуланып кеттім"


Президент сайлауы қарсаңында Мейрамбек Бесбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "Мен ешкімнің штабына келісім берген жоқпын. Сыртымнан шеше беретін болған ба? деп жазған болатын. Соған қатысты жүргізуші "Бұл мәлімдеме сізді ашуландырды ма?" деп сауал қойды.


"Қатты ашулы болған жоқпын. Ренжітті, былай айтқанда. Екі күннің бірінде естіп отырған әңгіме ғой. Етіміз үйреніп қалды. Мен халықтың пікіріне қарап шошыдым. Кінәсі жоқ ата-бабама дейін тіл тигізгендер бар. Сол үшін ашуланып кеттім. Содан кейін осындай жазба жазып жібердім. Өйткені сыртыңнан тон пішуге болмайды ғой. Бірақ олар дер кезінде кешірім сұрап, қателіктерін түзеді. Содан кейін мен де жазбаны алып тастадым", - деді Бесбаев.


Әнші саясатқа айтарлықтай қызықпайтынын, сол себепті бұл салаға жақындамайтынын айтып өтті. Алайда алдағы уақытта өнер саласына қатысты ақыл-кеңесі қажет болса, бұдан бас тартпайтынын жеткізді.


МузАрт тарай ма?


Сондай-ақ, Бесбаев МузАрт тобын не үшін таратқысы келгенін де еске түсірді.


"Мен бір кездері Сәкендерге МузАртты таратайық деп айтқанмын. Өйткені Қазақстандағы топтардың деңгейі өспей қалды. Бірақ тыңдарманның бізді жақсы көретіні соншалық Мақсат кеткен кезде біртүрлі болып қалды. Кенжебек келгеннен кейін қайтадан көңілдері орнына түсті. Тағы тарап жатсақ, мүлдем көңілдерін түсіріп тастаймыз ғой. Қазақтың басы бір қазанға сыймайды деп айта ма деп ойладық. Халықтың махаббатын далаға тастағымыз келмегендіктен тарамадық", - деп жауап берді Бесбаев.


Оның айтуынша, МузАрт өзге топтардың дамуына кедергі келтірген.


"Неге тарайық деп айттым? Өйткені жан-жаққа Қазақстанға барған кезде халық "Біздің МузАртымыз" дейтін. Қаншама топтар келді. Олар керемет айтса да, МузАрт- қа еліктейді деп қабылдайтын. Біз өсірмей қойдық басқа топтарды, зиянымыз тиді. Тарасақ, басқа да топтардың бағы жанатын шығар деп ойлап едік. Бірақ сосын халықтың пікірін көріп, тарамайтын болдық", - деп еске алады әнші.


Бұдан соң жүргізушінің "Шын мәнінде МузАрт қашан тарайды? деген сұрақ қойды.


"Бір Алла біледі. Біз қазір сыйластықтың мүлдем басқа деңгейіне көшіп кеттік. Жас болған кезде арамызда кішкене бәсекелестік болатын. Қазір біз ағайындай араласамыз. Отбасы, бала-шағамыз бір-бірімен туғандай болып кеткеннен кейін бізді Алла ажыратуы мүмкін. Бірақ жұмысымызды жалғастыра беретін шығармыз", - деп Мейрамбек Бесбаев.


 




Көрілген: 7728    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 16:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30