Өркениет

Атыраулық ару Miss Virtual Kazakhstan атанды

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Атыраулық бойжеткен Miss Virtual Kazakhstan атанды, - деп хабарлайды atpress.kz басылымы.


Байқау жеңімпазы, яғни жаңа сұлулық ханшайымы Арайлым Ишахат ауданға беделді сот судьясы Әділ Құспанов пен жоғары санатты музыкант Гүлнар Хайырлиеваның отбасында дүниеге келген. Екі әпкесі мен артынан ерген інісінің ортасында еркелеп өскен ол балалық шағынан музыка әлемін жанына жақын тұтып, ән шырқап, гитарада ойнайды.


Астана медициналық университетін "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша былтыр ғана бітірген сұлу Miss Virtual Kazakhstan байқауының 3 кезеңінен сүрінбей өтіп, жеңіске жетті.


Арайлым, енді "Виртуалды әлем аруы" халықаралық конкурсының финалында Қазақстан атынан бақ сынайтын болады.


Бүгін әлемнің түрлі елдерінен келген 20 сұлу қыз Miss Virtual World тәжі үшін финалдық дауыс жинауда. Олар көрермен көзайымы үшін күреседі.


Дауыс беру inDriver мобильдік қосымшасында өтіп, 20 қазан күні аяқталады.


Тengrinews.kz


 




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31