Атышулы Байзақованың балалар туралы бағдарламаны жүргізу түсініспеушілік туғызды

30 желтоқсан 2021, 19:37

Бейәдеп қылықтарымен танылған Айжан Байзақова елдің алдына мүлдем өзгеше образда шықты. Блогер балалар туралы бағдарламаның жүргізушісі атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Айжан Super Bala Show атты бағдарламада талантты балалармен сұхбаттасады. Шоудың үш шығарылымы көрерменге жол тартып үлгерген. Барлығында Айжан ұзын етекті ақ көйлек киіп шыққан. Мұны көрген көрермендер ол үшін қуанды. Алайда осы уақытқа дейін жалаңаштанып, түрлі қылық көрсеткен блогердің жас буынмен тілдесуін әбес көрген адамдар да табылды.

 

"Байзақова мұнда мүлдем басқа", "Қазақтың балалары ерекше. Ерекше балаларды осылай таныстырып, әдемі сұхбат жасаған Айжан бүгін қандай көрікті, өте әдемі сұхбат", "Айжан, жарайсың", "Айжанның қатысуымен бұл шоу шынында ерекше болды", "Рас айтасыздар ма? Жалаңаш денесін көрсетіп, шайтанмен келісімге отырдым деген қыз енді балаларды үйрете ме?" - деп жазды көрермендер.