Өркениет

Атышулы "Келін" фильміне түскен актрисаның бет аузы көгерген суреті тарады

  • https://shownews.kz/

    https://shownews.kz/

Атышулы "Келін" фильмінің актрисасы Гүлшарат Жұбаева өзінің әлеуметтік желісіндегі инстаграм парақшасына жазба жариялады. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

 

Ол өзінің жазбасында күйеуінен жапа шеккен әйелдермен зорлық, зомбылық көрген қыздар жайлы пікір жазды.

 

"Соңғы кезде тұрмыстық зорлық зомбылықтан жапа шеккен әйелдері көп көріп, есітіп жүрміз. Тіпті кейбірі ажал құшып, балалары жетім қалса да, селк етпейтін жағдайға жеткендейміз.

Мұндай әйелдер арамызда өте көп. Олар көмек сұраса "Ер мен әйел арасына есі кеткен түседі", - деп араласқымыз келмейді. Заң жүзінде де, бұл жағынан ақсап тұр.

Өкінішке қарай жақын араласып жүрген таныстарымның да, басынан өткен еді мұндай жағдай.

Кейін дер кезінде дабыл қақпағанымызға өкініп қалдық. Бірақ бәрі кеш еді.

Құрметті бойжеткен өміріңдегі СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ, СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ екенін ұмытпағайсың.

Тұрмыс құрудың жөні осы екен деп, өзіңді сыйламайтын, сүймейтін адамға бас қосудан аулақ болғайсың. Алла саған жар болсын жарқыным!

(БҰЛ СУРЕТ ФИЛЬМГЕ ВИДЕОПРОБА КЕЗІНДЕ ТҮСІРІЛГЕН)", - деп жазба қалдырды.

 

Желі оқырмандары: "Мәәә, сізді ұрып тастады ма?-деп қорқып кеттік қой","Дұрыс айтасыз","Қыздар қазір байлыққа қарап тиетін болған ғой","Ақыл-есі дұрыстар кеңінен ойланып барып шешім қабылдайды ғой",-деп пікір қалдырды.

 

 




Көрілген: 8652    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 18:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31