Өркениет

Аудиторлар Сәкен Майғазиев басқаратын мекемеден үлкен ілік тапты

  • Фото:instagram.com/saken_maigaziyev

    Фото:instagram.com/saken_maigaziyev

Шымкент қаласындағы миллиондаған қаржы жұмсалды делінген Наурыз тойына қатысты ресми қорытынды жасалыпты. Шымкент қаласы Ішкі мемлекеттік аудит депараменті Сәкен Майғазиев басқаратын мекеменің биылғы тендерлеріне зерттеу жүргізіп, 74,4 млн теңгенің негізсіз жұмсалғанын анықтаған. Бір қызығы бұл қаржы сметасы жасалмаған, жоспарда жоқ яғни атқарылмаған шараларға аударылған болып шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек хабардар етті. Заңгердің айтуынша, іс антикордың бақылауына өткен.

 

«Мәдениет басқармасы биыл Наурыз және басқа да іс-шараларына заң талаптарына қайшы, бір көзден 618 млн теңгеге мемлекеттік сатып алулар өткізілген. Оның ішінде 239 млн теңге жыл басынан сәуір айына дейін заңсыз бөлініп қойған. Ал 74 млн теңге МҮЛДЕМ НЕГІЗСІЗ аударылып, заңсыз игерілгені туралы аудитпен анықталған», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

 

Заңгердің айтуынша, аудиторлық тексеру нәтижесінде анықталған басқа да заң бұзушылықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіне жолданған.

 

«Пандемия кезінде ауру өршіп, көп кәсіп тоқтап, халық арасында әлеуметтік наразылық ушығып тұрғанда миллиондаған қаржыны той тойлауға бөліп одан сайын халықтың ашуын үдете түсті.

Миллиодаған қаражат қаламыздың өзекті мәселелеріне бөлінсе жарасады. Мысалы қаланың қақ ортасында құрттаған су ішіп отырған халыққа таза су кіргізіп берсе болмас па еді?!

Мемлекеттің қаржысын сыбайласып талан-таражға салып, негізсіз игеретіндердің жазасын беретін уақыт жетті!

Шыңғыс Мұқан мырза, Наурыз іс-шарасын барынша қорғап едіңіз! «Креатив емессіңдер» деп сөгіп едіңіз, ал мына негізсіз аударылған миллиондарға кім жауап береді?

Ханзада Азимханқызы, еден жуатын жасы келген апаларымызды жұмыстан шығарып 52 мың теңге беруге қиналып жатыр едіңіз, енді өзіңіз миллиондарды негізсіз аударып жібергенсіз бе?

Халықтан енді ештеңе жасыру мүмкін емес!

Ашықтық деген осы!», - деп атап өткен жазба авторы.

 

 

 




Көрілген: 5598    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.05.2021, 19:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31