Әуежайға шабуыл кезінде 14 сағат ұшақ ішінде отырдық - Әнші Say Mo

10 қаңтар 2022, 13:00

Өнер иесі анасымен бірге Алматыдан Мәскеуге ұшпақ болған, деп хабарлайды Экспресс К. Тура сол күні Алматыдағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалды. Бірақ әнші оған дейін ұшақ ішіне кіріп үлгерген. Сол жерде ол 14 сағат отырыпты.

 

"Әуежайға шабуыл жасалған уақытта анаммен Мәскеуге жол тартқалы жатқан едік. Бірақ Құдайдың жоспары басқаша болды. Әйтеуір ұшаққа кіріп үлгердік. Әрине ұшақта отырып, террористердің келгенін естіген кезде қатты шошыдық. Дегенмен, сол сәтте ең қауіпсіз жер сол болды. Ұшақ ішінде кешкі 20:00-ден таңғы 10:00-ге дейін отырдық. 14 сағат салқын жерде отырып, қатты ауырып қалғаным болмаса, құдайға шүкір, аман-есенбіз. Анам екеуміз қазір қауіпсіз жердеміз", — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.