Өркениет

"Ауызыммен алысқан": Қарақат Әбілдина оқырмандарына өкпелі

  • "Ауызыммен алысқан": Қарақат Әбілдина оқырмандарына өкпелі

 Қарақат Әбілдина оқырмандарына өкпесін жеткізді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.


Танымал өнер жұлдызы желідегі парақшасында жазба қалдырып, ауызын айтып сынап жатқан оқырмандарына қатысты пікір білдірді. Тістерін түзету үшін арнайы темір тағып, сегіз ай бойы күлмей жүргенін айтып берді ол. Осылайша ағынан жарылған Әбілдина денсаулығының бірінші орында екенін жеткізген. Соған қарағанда әнші жұрттың артық ауыз сөзіне мән бермеуді жөн көрген секілді.


"Менің ауызыммен алысқан оқырмандарыма не десем екен? Бастарыңызға берсін. Тістеріңіз түп-түзу, әдемі болады. Бұл жағдайды брекет салғандар ғана жақсы түсінеді. Аузымды ашып күлмегеніме де сегіз ай болыпты ғой. Недеген сабыр деймін-ау. Шынымды айтсам, бұртиып жүргеннен өзім де шаршап кеттім. Бірақ қайтеміз енді аз қалды, шыдау керек. Сондықтан артық кетпейік. Қалай болғанда да денсаулық бірінші орында", - дейді Қарақат Әбілдина.


Осылайша әнші жұртқа назын айтып, жақын арада темірін шешетінін жеткізді. Өнер иесін қазір тісінің түзулігі алаңдататын көрінеді.


Stan.kz




 




Көрілген: 1918    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31