Өркениет

Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады

  • Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады

    Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады

Жүктілігін жария еткен Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады. Ол сәбиінің жынысын көпшілікке айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айсәуле атаулы күнге екі жақтың ата-аналары мен жақын достарын шақырған. Кешті шоумен Мұрат Мұтырғанов жүргізген. 

 
Бақытбекқызы кешті испан стилінде безендірген. Қыз не ұл деген жазудың өзін испан тілінде жаздырған. Бұл қылығын бикеш былай түсіндірді: 

"Менің күйеуім испан тілін жақсы біледі және "Реал" футбол клубының жанкүйері. Бар хикая осы", - деп бөлісті Айсәуле. 


Ақбота Сейтмағамбет: Жанарымда көп адам түсінгісі келмей жүрген жайымның шындығы жатқан шығар
"Ұмытшақ ауру": Тамара Асар босанған күнін еске алды

Кеш қонақтары УДЗ-ның жауабын білгенге дейін өз нұсқаларын айтып, тіпті бәске ақша тікті. Меймандар жасаған болжамдарына сай, алқызыл және көгілдір түсті киім киіп келген. Бұл да Айсәуленің ойлап тапқан дресс-коды. Баян Алагөзова жиен немересі ұл болады деп, ал Айсәуленің енесі қыз болады деп күткен.

Кештің қалай өткенін көрсеткен Айсәуле көп ұзамай қызды болатынын жариялады.

"Әкең мен анаң сені күтеді. Балақай", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, 2018 жылы тұрмыс құрған Айсәуле жақында жүкті екенін хабарлаған еді. Одан кейін, танымал бикеш 2 жыл бала көтермей жүруінің себебін айтты. Енесі Айсәуленің аяғы ауыр екенін білген соң, ұлы Әлішер мен олардың достарын вакцина алуға мәжбүрлеген.




Көрілген: 1171    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31