Өркениет

"Аяқ-қолым жылымайды": Әбунасыр Серіковтың ауыр дертке шалдыққаны рас па?

  • "Аяқ-қолым жылымайды": Әбунасыр Серіковтың ауыр дертке шалдыққаны рас па?

Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болып, көптеген фильмдердің жұлдызына айналған Әбунасыр Серіков осы салаға қалай келгенін және бойындағы ауыр дерті жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ревю-ға сілтеп хабарлайды.
"Алладан бұрыннан киноға түсуді тілегенмін. 4 жыл қатты науқастанғаннан кейін қазір гастролдік сапарларға шыға алмаймын. Алла Тағала "осыны тілеп едің ғой " деп науқас болғаннан кейін киноға алып келді деп ойлаймын", - деп кино келу тарихын осылай түсіндірді.

Кезінде "Нысана" деп театр ашқан Серіков нысанаға дөп тигізе алмай ұжымды таратып жібергенін жасырмады. Бәріне денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Тіпті, оның дерті соңғы түскен фильмінде де сыр берген көрінеді.

"4 жылдан бері емделіп жүрген соң қиын болды. Аяқ-қолым жылымайды. Сол жерде жүрген гример қыздарға, жарық беруші жігіттерге рахметім шексіз. Өйткені, аяғым қақсап кетіп жата салсам, біреуі арқамды, табанымды, санымды, бірі балтырымды уқалап жатады", - деп ұжымдағы қызметкерлерге алғысын жаудырды Серіков.

Бірақ актер ауруының алдын алу үшін тыңғылықты түрде ем қабылдап денсаулығын жіті күтіп жүргенге ұқсайды. Жеті түрлі кесел жанын жесе де ештеңеге мойымаймын дейді Серіков.

"Науқастанған соң 25 кг тастадым. Енді 2-3 кг қосып, өз-өзіме келе жатырмын. Поликлиникаларда тіркеудемін. Маған дәрісін береді. Таңда түсте кешке ішемін. Сондықтан өз-өзіме енді келе жатырмын", - деп үнемі ем алып жатқанын айтты.

Қазіргі таңда актер шет елде ем алып жатыр.  




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31