Өркениет

Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыздың ажырасуына қатысты шындықты айтты

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарьекова ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әьдікәрімованың ажырасып кеткені туралы қауесеттерге жауап берді. Жұлдызды әулеттің мүшесі ел арасында тарап кеткен ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Гүлзира Айдарбекова көптің көкейінде жүрген сауалға "Опмай-опмай" бағдарламасында жауап берді. Ол ұлы мен келінінің ажырасқанын жоққа шығарды.

 

"Барлық журналистердің қоятын сұрағы ғой. Соңғы кезде өзім жайлы емес, біреудің жеке өмірі туралы сұрай беретін болған. Не сұрайын деп тұрғаныңызды біліп тұрмын. "Ажырасып кетті ме?" деп сұрағыңыз келіп тұр ғой. Бірақ, ажырасқан жоқ. Ажырасып кетсе елдің бәрі білетін еді ғой. Ол жатпайды еш нәрсе. Бірақ, олар бірге", - деп қысқа қайырды Айдарбекова.

 

Сонымен қатар, белгілі продюсер келіндерімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты. Айдарбекова оларды мүлдем қинамағанын жеткізді. Ол керісінше, жас отбасыға барынша көмектесуге дайын екенін алға тартты.

 

"Келіндерім менің көргенімді көрмесе екен деп армандайтын енемін. Ешқашан сыпыртқы ұстаттым, жұмысқа салып қойдым деп айта алмаймын. Әрқашанда көмекшілері бар. Келін болып түскен уақыттан бастап, бала қараумен, үй шаруасына көмектесетін адамдары бар. Арасында шай демдеп, жақсы көретін тағамдарын дайындап бергені болмаса келіндерге қиындық жасаған емеспін. Бәрін туралап, не жетпейді соны түгендеп, барынша көмектесіп шапқылап жүремін. Келінмен ұзақ тұрып көрмегенмін. Сол себепті сағанышпен жолығып, сағынышпен қайтып кетіп жүрген енемін негізі", - деді ол.

 

 

 

 

 




Көрілген: 3980    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 18:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30