Өркениет

"Әйел - терминатор емес": Жұлдыз Әбдукәрімова әйелдерді қолдауға шақырды

  • "Әйел - терминатор емес": Жұлдыз Әбдукәрімова әйелдерді қолдауға шақырды

Жұлдыз Әбдукәрімова 9-қабаттан балаларын лақтырып, артынша өзі құлап ажал құшқан әйелдің оқиғасына қатысты пікір білдірді. Психологиялық қысымға ұшырап, материалдық таршылыққа тап болған өзге әйелдерге ой салмас үшін, актриса бұл тақырыпты көтерерде ұзақ ойланғанын айтады. Алайда миллиондаған әйелдің көкейіндегі ойды жеткізбесем болмас, деген байламға келген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

"Алдымен, сөзімнің басын үлкен өтінішпен көпшілікке арнағым келеді. Бұл қаралы оқиғаны қабылдаудағы реакциямызды түзесек. “Ойбай” деп сүйінші сұрағандай бір-бірімізге тарата бермей, сәл сабырлық танытайық. Себебі еліміздің бір түкпірінде дәл осындай психологиялық күйзеліс пен материалдық таршылыққа ұшыраған екінші бір әйелге ой салуыңыз әбден мүмкін.

Мұндай қадамға қандай әйелдер барады:
1. Ерінен, ата-анасынан, ата-енесінен қолдау таппаған, қоғамда өзін жалғыз сезінген әйелдер;
2. Мүмкіндігі шектеулі немесе науқас баланы асырап отырған аналар. Ауру бала тудың деп қайын жұрты бетіне басады, күйеуі баланың ауыртпашылығын көтере алмай ішкілікке салынады, ең соңында бәрін ішіне жұтатын әйел;
3. Материалдық және психологиялық кризистегі әйелдер (қаржылық пирамидаға алданған, алаяқтардың құрбаны болған, күйеуі ақша таппайтын немесе тапса да бермейтін)…

 
Екінші үнім мемлекетке, құзырлы орындарға: Баланы жоспарламас бұрын, әйел мен ер адамға теңдей жауапкершілік жүктейтін (мүмкін, естияр ата-ана) идеологиясын нығайту қажет. 


"Күйеуі басқа әйелге кетіп қалған": Алматыда балаларымен бірге 9-қабаттан құлаған әйелге қатысты жаңа дерек шықты


Әсіресе, қазақ қоғамында 40 жаны бар деп әйелдің мойнына артыла берер жүк көп. Әйел - терминатор емес. Отбасылық міндеттер мен баланың алдындағы жауапкершілік екіге бөліну керек. Ененің мектебі, қайыната мен қайын жұрттың қас-қабағы, күйеуінің көңілі, баласының бабы…. Оның үстіне осы шаруаның бәрін арқалағаннан бөлек, үйде отырған әйелді “ақша таппай жылы жерде жатқан жаны тыныш” жанға теңеп, түрткілейтіндер де бар. 
Әйелді мүлік, ерді меншік иесі деп қарау үрдісі - атастырған кездегі қалың малдан келіп шықса, сіз пұл төлеп құл сатып алып жатқан жоқсыз. Осыны саналы түрде түсінсек.

Яғни, әйелдің, ананың қоғамдағы статусын, рөлін көтеріп, оларға қамқорлықты арттыру керек. Әйелі құрметтелмеген қоғамнан құт қашады. Азып-тозған, шаршаған, агрессия мен негатив толы әйелден қандай бала тәрбиеленіп шығады? Ондай балалар ертең қоғамның қанша %-ын құрайды?!" - деп жазды Әбдукәрімова. 

Сондай-ақ, Жұлдыз бала қарау мәселесіне келгенде, ерлерді әйелдеріне қолдау көрсетуге шақырды. 

"Бұрынғы кезде аналарымыз 11 баланы бір өзі баққан" деген әңгімені жаңа заманға алып келуге қарсымын. Себебі, бұрынғы заманның адамы түгіл ақшасына да ештеңе сатып ала алмайсыз. Ол сол заманда қалып кетті", - деп жазды актриса. 

Актриса әйелдерді мемлекеттен, қоғамнан ештеңе күтпеуге шақырды. Отбасы құрған күннен бастап, оған тек екі адамның жауапты екенін алға тартты. 

"Қуаныш болса да, қайғы болса да - өткеретін сіздер. Және баланы сіз өмірге әкелсеңіз де, оған өмір берген СІЗ емессіз. Сондықтан оның өмірін, тағдырын шешетін де сіз емессіз. Құдай өзі бергенін өзі алады. Бала - ата-ананың ойыншығы емес, Алланың берген аманаты! Аманатқа қиянат жасалмайды. Жасалмау керек еді", - дейді Жұлдыз. 




Көрілген: 782    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 16:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31