Өркениет

Әйелі Қайрат Нұртасты Джуринскаядан неге қызғанды

  • Фото:Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial/kair_n/djurinskaya. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото:Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial/kair_n/djurinskaya. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі оны түсірілім алаңындағы әріптестерінен қызғанатыны жайлы қауесеттерге жауап берді. Жұлдыз Әбдікәрімова жұлдызды күйеуімен қос ғашықты сомдайтын актрисалар жайлы бар ойын ортаға салды деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Жұлдыз Әбдікәрімова әнші жолдасына деген қызғанышына қатысты бар шындықты айтты. Он жыл бойы жұрттан жасырынып келген хитменнің келіншегі өзінен әлдеқайда жас актрисалар жайлы көзқарасын жеткізді.

 

Төрт баланың анасы кезінде Қайрат Нұртасты Жәния Джуринскаядан қызғанғанын мойындады. Қос жұлдыз "Өкініш" фильмінде махаббат сахналарына бірге түскен.

 

"Қазір ол қызғаныш мүлдем жоқ десем болады. Ол кездің өзінде де аса ішім күйіп қызғанған жоқпын. Себебі, Қайрат маған ешқандай себеп бермейді. Бір алдағанын естіп көрген жоқпын. Сенемін оған толықтай. Ал бейнебаяндарға түсетін сұлу әрі жас қыздар жайлы айтатын болсам. Мен де сұлумын, оны өзім білемін.
Мен оның қасындағы әріптестерін қатты бағалаймын. Олардың өнерін сыйлаймын. Тек қана әріптес ретінде қабылдаймын. Басқаша мүмкін емес. Оларды бір күндік, бір сағаттық актрисалар деп қабылдаймын. Бұл мен үшін аса қызғанатындай жағдай емес." , - деп ағынан жарылды әншінің жары.

 




Көрілген: 4135    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31