Өркениет

...Әйелдің ашуы төсектен қайтады, - Гүлнұр Мамасарипова

  • https://brod.kz

    https://brod.kz

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова әйелдің ашуын қайтарудың жолын айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап.


Қазақ киносына өз үлесін қосып келе жатқан продюсер Гүлнұр ханым енесінің өзін қалай тәрбиелегенін айтып берді. Келін болып түскен күннен бастап-ақ бір мақалмен бәрін орнына қойған енесінің сырымен бөлісті ол. Сонымен қатар, әйел мен еркектің ашуын қайтарудың жолын айтып берді.


"Менің енемнің ең сүйікті мақалы бар. Шамалы анайылау. "Еркектің ашуы тамақтан қайтады, әйелдің ашуы төсектен қайтады" дейді ол кісі. Келін болып түскен күннен бастап, осы мақалды құлағымызға құйып тастаған. Бұл нұсқаны балалары білмейтін шығар", - дейді Гүлнұр Мамасарипова.


18 жасында тұрмысқа шыққан продюсер өзінің өмірлік режимі туралы айтып берді. Жан-жақты Мамасарипова ханым, күйеуімнің жағдайын жасамасам, өзгесіне үлгермейтін едім деп ағынан жарылған. Кешкі сегіз шамасында үйіне барып, күйеуіне тамақ беріп келіп, қайта жұмысқа оралатынын жасырмады ол.


"Мен 18 жасымда тұрмысқа шыққаннан бастап, үйде ең көп отырғаным екі ай болыпты. Қашанда сабақ, жұмыс деп жүгіріп жүремін. Бірақ үнемі енемнің баласының қарнын тойдырып, үйімді жинап, кірімді жуып, киімін дайындап қоймасам, жұмысты тастауға тура келер еді. Мұны ерлік деп ойламайын. Бұл міндет", - дейді Гүлнұр Мамасарипова.


 




Көрілген: 2222    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 15:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30