Өркениет

Әйелімен ажырасып кеткен Дидар Кәден жаңа ғашығын жолықтырғанын айтты

  • Әйелімен ажырасып кеткен Дидар Кәден жаңа ғашығын жолықтырғанын айтты

    Әйелімен ажырасып кеткен Дидар Кәден жаңа ғашығын жолықтырғанын айтты

Жас әнші, блогер, сазгер Дидар Кәден ғашығын жолықтырды. Әнші бірінші некесі сәтсіз аяқталғанымен бақытын іздеуден жалықпады. Бойдақ жігіт тойдың ауылы алыс емес екенін айтып жаңалығын бөлісті.

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды. 

 
Дидар Кәден атақты актриса Лидия Кәденованың ұлы. Бірінші некесі сәтсіз болып, жұбайы екеуі екі жаққа кеткен еді. Ол некеден Дияр атты ұлы бар. 

"Мен 2015 жылы әншіліктен кеткен адаммын. Мемлекеттік жұмысқа кеттім. Ағаларыма көмекші болдым. Қазір қайта ән жазып жүрмін. Әннің сөзін, әнін жазамын, өңдеуін жасаймын. Той басқарамын. Концерттік бағдарлама жүргіземін. Қазір көп той жоқ. Қаланың сыртында шағын адаммен ғана өтетін тойларға шақырту түсіп жатыр", - деді Кәден.

Дидар Кәден Kesh You тобы үшін екі ән, Alem Band тобы үшін жаңа әндер жазғанын айтады. Айтуынша, көбінесе жастардан тапсырыс көп түседі екен. 

Дидар Кәденнің өзі де, ұлы да инста әлемінде танымал. Блогерлікпен айналысқан үлкені де, кішісі де көрерменге көз таныс. 

"Ұлым есін білгелі блогерлікті көріп келе жатыр. Анасы да блогер, мен де. Сондықтан оған оңай болған шығар. Бұрын камера алдында сөйлей алмайтын. Қазір еркін көсілетін болыпты", - деді ол.

Дидар Кәден желіде жаңа ғашығы екеуінің бірге түскен суретін жариялап, жеке өмірі жайлы сырды ашты. Бүгінде оқырманына сүйіктісі жайлы ашық айтып жүр. 

"Сүйіктімді жолықтырдым. 1996 жылы туған қыз. Биші қыз. Мемлекетік қызметте. Жақында карантин бітсе, тойдың ауылы алыс емес. Бәрі карантинге байланысты", - деді әнші. 

Айта кетейік, Дидар Кәден мен Айым Алтынбекованың дүбірлі тойы 2015 жылдың қарашасында Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өткен еді. Олар араға бір жарым салып ажырасып кетті. 




Көрілген: 936    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 17:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30