"Әйеліңді алып кетіп барады": Айым Сейтметова күйеуіне пранк жасады

27 қыркүйек 2022, 17:04

Блогер Айым Сейтметова күйеуіне пранк жасады. Ол жолдасын қызғандырмақ болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Блогер арнайы қосымша арқылы өзіне гүл шоғын ұстатып, фотошоп жасаған. Осы өңделген суретті күйеуіне жіберіп, сыйлық үшін алғыс білдіреді.

 

Алайда оның жолдасы Талғат әйелінің хатына сене қоймаған. Осы кезде Айым Сейтметова өз сөзінің шындық екенін дәлелдеуге тырысып, күйеуінен "Мені қызғанбайтын болғансың ба?", - деп сұрайды. Ал блогердің бұл әрекетіне жолдасы күліп жібереді. "Қара да тұр, мен басқа ер адамдардан сыйлық аламын. Ал сен оны "қойылым" деп ойлай бер", - деді Айым.

 

Сейтметованың жолдасы Талғат та бұл сөзден кейін, "Онда маған да өзге қыздардан сыйлық алуға болатын шығар. Сыйлықтың кімнен екенін білмеймін деп ант бер", - дейді.

 

Жұбайына пранкі өтпеген блогер "Әйеліңді мұрныңның астынан алып кетіп жатыр. Сен сәл де болса уайымдауың керек", - деп видеосын аяқтады.