Әйгерім Қалаубаеваның видеосы желіде талқыға түсті (видео)

21 желтоқсан 2021, 10:00

Әлеуметтік желіде Әйгерім Қалаубаеваның жаңа видеосы көпшіліктің талқысына түсті. Оқырмандар видеоға қарап, өнер иесінің аяғы ауыр деп болжаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Шоу-бизнес жұлдызы бой көрсеткен бейнежазба qaz.stars парақшасында жарияланған.

 

Онда Жазира Байырбекова Әйгерім Қалаубаеваның ішіп сипалап, ол үшін аса қуанышты екенін айтып жатқаны көрініс тапты.

 

"Ішімен қасыма келді де, мені қатты қуантты. "Жазира әпке" деп ішін көрсетті. Қуаныштан көзіме жас келді. Ол үшін қатты қуанып, құттықтап жатсам, өтірік болып шықты. Ішін жоқ қылып жіберді. Сөйтсем биші болғасын бәрін біледі екен ғой", - деді Байырбекова.

 

Нәтижесінде, видео соңында Қалаубаеваның шын мәнінде жүкті емес екені белгілі болды.

 

Алайда, бейнежазбаны соңына дейін көрмеген көпшілік оның аяғы ауыр деп болжамдарын жарыса айта бастады.