Өркениет

Әйгілі рэп орындаушы DMX қайтыс болды

  • https://zen.yandex.ru/

    https://zen.yandex.ru/

DMX лақап атымен күллі әлемге танылған америкалық музыкант Эрл Симмонс 50 жасында өмірден озды.

 

Әйгілі рэп орындаушы Нью-Йорк қаласында қайтыс болған. Өнер иесінің өліміне есірткі заттарын артық мөлшерде қолдану себеп болған.

 

Дәрігерлер рэп орындаушының өмірі үшін бір апта бойы күрескен. Бұл туралы америкалық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Life.ru хабарлады.

 

Музыкант осыдан бірнеше күн бұрын жүрек талмасы ұстап, ауыр жағдайда ауруханаға түскен болатын.

 

Эрл Симмонстың есірткіге тәуелділігі болғаны көпшілікке мәлім. 2016 жылы оны көлік тұрағынан ес-түзсіз жатқан күйде тапқан.

 

"Бүгін біздің сүйітіміз DMX Эрл Симмонс 50 жасында White Plains ауруханасында қайтыс болды. Бұл сәтте ол өз жақындарымен бірге болды. Ол бірнеше күн бойы арнайы аппаратқа қосулы болған" , - делінген марқұмның отбасы жасаған мәлімдемеде.

 

Рэп орындаушының жағдайы өткен жұмада нашарлап кеткен. Жүрек талмасы ұстаған сәтте ол өз үйінде болған. DMX бірден Нью-Йорктегі White Plains ауруханасына жедел түрде жеткізіліп, денсаулығы нашарлай түскендіктен бір аптадан соң көз жұмған.

 

Өнер иесінің мансабы 90-жылдардың басында басталды. Оның алғашқы альбомы бірден Billboard музыкалық чартында көш бастады.

 

Кейіннен әртістің тағы бес ән жинағы да үздік болып шықты. Рэпер бірнеше мәрте "Грэмми" жұлдесіне ұсынылып, American Music Award атты музыкалық премияның лауреаты атанды.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 923    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 11:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31