Өркениет

Әйгілі Сосо Павлиашвили мен дизайнер Әсем Нұрсейітованың қандай байланысы бар?

  • Әйгілі Сосо Павлиашвили мен дизайнер Әсем Нұрсейітованың қандай байланысы бар?

    Әйгілі Сосо Павлиашвили мен дизайнер Әсем Нұрсейітованың қандай байланысы бар?

Қазақстан мен Ресей жұлдыздары ерекше челленджді қолға алды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.
Әлеуметтік желіде тың музыкалық месседж. Карантиндегі жұлдыздар құр жатпай, енді халықаралық челленджге көшті. Күні кеше жаһандағы жаны жабыққан жандарға Қазақстан және Ресейдің танымал мәдениет өкілдері төтенше жағдайда тамаша тарту жасады.

«Бұл челлендждің бір ерекшілегі – тек қана отандық жұлдыздар емес. Сонымен бірге ресейлік әншілер де бірге бас қосқан. Олардың қатарында біздің жерлестеріміз де көп. Сондықтан неге қатыспасқа, неге қолдамасқа деген ой келді», – дейді Әли.

«Бұл тамаша бейнероликті түсіруге ат салысып, ойластырған көңілді тапқырлар клубының белді ойыншылары «Казахи» командасының жігіттері. Менің достарым», – дейді Диная.

Иә, «Әлем бірге: бір үйде» атауына ие тың бастамада екі елдің халық әртістері мен кілең танымал жастары төбе көрсеткен. Отандық және Ресей шоу-бизнес өкілдерінің байланысы бұрыннан берік. Достығы да дәл осы бейнероликте байқалады. Оған қоса бүгінде бірқатар жерлесіміздің көрші елде өнерін өрістетіп жүрген жайы бар.

«The Jigits» тобы қазіргі уақытта Мәскеуде. Олар «А’Студио» тобымен бірге жиі өнер көрсетіп жүр. Әрине, ресейлік әртістермен де жолдары қиылысады. Мен өз басым көрші елдің әншілерімен керемет доспын деп айта алмаймын. Бірақ көре қалсақ, амандасып, хал-жағдай сұрасамыз», – дейді Диная.

«Ресе йде анамның Кеңес Одағынан бері бірге сахнаға шығып, байқауларға қатысқан әріптестері жеткілікті. Өзім қатты араласамын деп айта алмаймын. Ал дәл осы месседжде ән салғандардың басым бөлігі яғни Нәзима, Байғали ағамыз біздің жерлестеріміз», – дейді Оқапов.

Отандық өнер иелерінен құралған тағы бір топ, көп ұзамай ресейлік әнші Сосо Павлиашвилимен «Небо на ладони» туындысын шырқады. Бұл челлендж де қауіпті індетке қарсы күресті қолдау мақсатында түсірілген. Белсенділік танытқандар қатарында Арман Қоңырбаев, Кентал және дизайнер Әсем Нұрсейітова да бар.

«Осындай челленджде ән айтасың ба деген ұсыныс келгенде мен қуана келістім. Өйткені Сосо Павлиашвилидің әндерін жақсы көремін. Жеке таныс болмасам да, менің сіңлім Айнұр ол кісіні өте жақсы таниды Үйінде де қонақта болған. Өте жайдарлы, жақсы кісі екенін білемін», – дейді Әсем.

 




Көрілген: 1135    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 06:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30