Өркениет

Айгүл Елшібаева: Ата-аналар қыздарының Құралайдың дуасын үйренем деп өліп кеткенін айтты

  • Айгүл Елшібаева: Ата-аналар қыздарының Құралайдың дуасын үйренем деп өліп кеткенін айтты

    Айгүл Елшібаева: Ата-аналар қыздарының Құралайдың дуасын үйренем деп өліп кеткенін айтты

Дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева Құралай ханыммен тағы шайқасқа түсті. Әнші Құралай ханым желі арқылы ақылы тренингтер өткізіп, елді адастырып жүр дегенді тағы айтты. Оның соңынан ергендер сауатсыз әйелдер деп санайды.

Бұл туралы "Бүгін" бағдарламасында айтылды. 
Айгүл Елшібаева бұған дейін ел арасында ақылы тренингтері, дәрістері мен дуасы арқылы танылған Құралай ханымды сынға алған еді. Желіде белсенді, миллиондаған оқырманы бар Құралай ханым дәстүрлі әншінің сынына жауап қатқан жоқ. Тікелей эфирдің бірінде "мен ешкіммен дауласпаймын, оған уақытымды сарп етпеймін, ақталмаймын" деп қысқа қайырды. 

Дәстүрлі әнші Құралай ханымның сауатсыздығын, елді адастырып, тіпті адам өліміне дейін жеткізгенін айтып айыптады. 
"Мен аффирмация, визуализация, медитация дегендерді түсінбей жүрдім. Адамдарға сөзбен емес, іспен әрекет ету керек екенін түсіндіре алмай-ақ қойдым. 9 ай карантинде осы сөздердің мәнін түсіндім. Құралайдың 40 күн дұғасы туралы ұқтым. Әбжәд туралы оқыдым. Психологияны оқыдым. Ақырында Құралайдың исламды үйретем деп, басқа дінді, будда дінін насихаттап жүргенін түсіндім. Правдинаның ілімін үйретіп, мыстандардың дуасын насихаттайды. Сопылық іліміндегілер әбден рухани кемелденіп, шегіне жеткенде жындармен күреседі екен. Қырық күн дұға дегенге келеді екен. Ал психологияның не екенін білмей тұрып, өзін психологпін деп жүрген Құралай апам дәретін ала алмай, бір сүре жаттай алмай жүргендерге қырық күн дұға үйретіп жүр. Құнанбайды өсекке ерген дейді бір әңгімесінде. Әдебиетті білмеген адам әдебиет туралы сөз айтады", - дейді Елшібаева. 

Әншінің айтуынша, Құралай ханымның дуасынан кейін көз жұмған жастар болған. Мұны ата-аналардың өздері хабарлады дейді өзі. 

"Құралайдың дуасынан кейін өліп кеткен бір-екі адам бар. Маған ата-аналарының өздері айтты. Ақтөбеде журналист қыз көз жұмды. Кейін заттарын қараса, Құралай ханым айтқан заттар табылған. Адам өліп жатса, мен ештеңе демей қарап отыра алмаймын. Әркім өз ісімен айналысу керек. Маған Құралайдың сабағына барғандар хат жазады. 300 мыңдап ақша төлеген түбіртектерін жібереді. ", - дейді дәстүрлі әнші. 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31